Білім берудегі серпіліс: цифрлық технологиялар, құндылықтар және зерттеу тәжірибелері
2025 жылдың 27 қарашасында Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК және «Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК бірлесіп, халықаралық деңгейде ЖОО, техникалық және кәсіптік білім беру мен жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Білім берудегі серпіліс: цифрлық технологиялар, құндылықтар және зерттеу тәжірибелері» атты конференция өткізді.
Конференция «Білім берудегі серпіліс: цифрлық технологиялар, құндылықтар және зерттеу тәжірибелері» тақырыбында өтті. Оқу үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді қолдану, құзыреттіліктерді қалыптастырудың заманауи тәсілдерін пайдалану, оқу сабақтарын әзірлеу құралы ретінде «Scaffold»-ты енгізу, сабақты зерттеу әдістері (Lesson Study, Action Research, Formative Assessment Research, Learning Study) жайындағы жаңа білімдермен бөлісу мақсатында жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері кәсіби алаңда жиылды.
Конференцияға ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері, шетелдік және отандық ЖОО профессор-оқытушылары, техникалық және кәсіптік білім беру мен жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері, студенттері, педагог-ғалымдар мен зерттеушілер шақырылды.
Конференция барысында заманауи цифрлық технологияларды тиімді қолдану, құзыреттіліктерді қалыптастыру, инклюзивті және құндылыққа негізделген білім беру мүмкіндіктері аясында педагогтер өздерінің инновациялық тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды.
Конференцияны ұйымдастырушылар: Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК; Астана қаласы әкімдігінің «Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК. Конференцияның бағыттары: «Құзіреттілікті қалыптастыруда цифрлық технология мен ЖИ рөлі»; «Құндылыққа негізделген білім беру және «Scaffold» құралы»; «Сабақты және іс-әрекетті зерттеу үдерістері». Конференцияның нәтижелері мен ұсыныстары білім беру саласында тың өзгерістерге жол ашатынына сеніміміз мол!
Нұрлан САБЫРБАЙТЕГІ
Загрузка...



