“Менің отбасымның тарихы – отанымның тарихы”
2024 жылдың 5 желтоқсан күні Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы бірлескен жоспар аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары отбасы әлеуметтік институттар жүйесінде ата-аналармен үнемі қарым-қатынаста болу және оларды бейімдеу мен оқыту процестеріне тарту мақсатында «Менің отбасымның тарихы – отанымның тарихы» отбасылық шежіре шеруі өтті.
«Менің отбасымның тарихы – отанымның тарихы», отбасылық шежіре шеруіне № 5, 15, 51, 52, 91, 93 балабақшалардың ата-аналары қатысып, отбасылық шежіресі жеті атасын таныстырды.
Отбасы – мемлекеттің бір бөлшегі, егер әр отбасының діңгегі берік, ұрпақ тәрбиесі өнегелі болса, ондай мемлекет мызғымайды.
Аяжан Амантайқызы, Астана қаласы Білім басқармасының баспасөз хатшысы:
«Астана қаласының жекеменшік балабақшаларында «Балалардың дағдыларын дамытуға бағытталған қауіпсіз заттық-кеңістік ортаны тиімді ұйымдастыру» тақырыбында семинарлар өткізіліп жатыр. Семинарлар бірінші кезекте балабақша педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсету, сондай-ақ педагогтердің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылуда. Осы бағыт бойынша арнайы жоспар әзірленген. Алдағы уақытта жоспарға сәйкес жұмыстар жалғастырылатын болады».




