ҚҰНДЫЛЫҚ. ТҰЛҒА. БОЛАШАҚ
Бейбітшілік және келісім сарайында Астана қаласы әкімдігінің және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Астана қаласы әкімдігінің Білім басқармасы, Әдістемелік орталығы және «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорымен бірлескен «ҚҰНДЫЛЫҚ. ТҰЛҒА. БОЛАШАҚ» халықаралық педагогикалық форумы өтті.
Форумның мақсаты – адамзаттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау, педагогтер мен әдіскерлердің тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.
Форумға еліміздің барлық өңірінен 1500-ге жуық педагог қатысып, сондай-ақ 10 000-нан астам адам қашықтықтан бақылады. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Татарстан және Қазақстаннан келген сарапшылар құндылықтарды білім мазмұнына енгізудің ұлттық және халықаралық модельдерін ұсынды.
Халықаралық спикерлер: Татарстан Республикасындағы №4 гимназия-интернатының математика пәні мұғалімі Леонтьев Тимур Николаевич, Өзбекстан Республикасы, Қашқадария облысының №2 орта мектептің информатика пәні мұғалімі (Teach For Uzbekistan жобасы аясында) №4 гимназия-интернатының математика пәні мұғалімі Рамазон Ибрагимов, Қырғыз Республикасы, Білім министрлігіне қарасты Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау республикалық институтының аға оқытушысы Торогелдиева Бекайым Айтбаевна, Тәжікстан Республикасы «Андарз» жеке меншік білім беру ұйымының сарапшы-әдіскері Муллоев Азимджон Саидджонович, қазақстандық спикерлер: Астана қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы № 37 мектеп-лицейі, физика пәні мұғалімі Алтаев Нұрлан Алтайұлы, Қызылорда қаласындағы №10 дарынды балаларға арналған Қызылорда облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы Есбосын Нағиша Қожаққызы құндылыққа бағытталған іс тәжірибелерін ортаға салды.
«Педагог тек сабақ беруші ғана емес, сонымен қатар тұлғаны тәрбиелеуші де болуы керек. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігінің «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында пәнге адамзаттық құндылықтарды кіріктіру мақсатында жұмыс жүргізіліп жатыр. Осының негізінде педагогтеріміз форумда өздерінің іс-тәжірибесін бөлісіп, көрмелерде шығармашылық жұмыстарын таныстырып жатыр. Басты мақсат – әрбір баланың бойындағы қасиеттерін аша отырып, құндылықтарды бойына сіңіре отырып білім беруді көздеу. Бұл жерде Астана қаласынан бөлек, еліміздің әр өңірінен 100-ден аса педагог келіп қатысып отыр. Сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Татарстан елдерінен келген ең үздік спикерлер іс-тәжірибесін ортаға салады. Отандық спикерлеріміз өз кезегінде «әр мұғалім сабақ берген кезде баланың қасиеттерін қалай аша білуі керек, жас ұрпақты өмірге қалай бағыттау қажет және кейде оқушылар қандай да бір қиындыққа түсіп жатса, сол тығырықтан ұстаз ретінде қалай алып шығуы тиіс» деген бағыттарда өздерінің іс-тәжірибесін паш етеді. Форумнан күтілетін нәтижеге келсек, біз өз іс-тәжірибемізді тарата отырып, құндылықтарды әр пәнге кіріктіру бойынша әрі қарай жоспар құрып, жұмыс істейтін боламыз», – деді осы шараны ұйымдастырушылардың бірі Астана қаласы Әдістемелік орталығының басшысы Сындар Дәуешова.
Қай елде, қай мемлекетте болмасын педагогиканың басты мақсаты жас өркендерді ізгілікке, жалпыадамзаттық құндылыққа тәрбиелеп, байыпты білім беру, әлемде бейбітшілік пен ынтымақтың, мейірімнің, адал еңбектің салтанат құруына ықпал ету болып табылады.
«Тәжікстанның білім беру ұйымдары 2015 жылдан бастап енгізілген мемлекеттік деңгейдегі Ұлттық тұжырыммен жұмыс істейді. Бұл тұжырым 18 бағыттан тұрады. Елдегі әрбір мұғалім өз сабағында осы тұжырымдардың ең болмаса біреуін жүзеге асыру керек. Мысалы, математика мұғалімі өзінің сабағында оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін дамыта алады. Ұстаз 45 минуттық сабағының 7-10 минутын балалардың бойына адамгершілік қағидаттарын сіңіруге арнайды. Бүгін мен өзімнің жеке іс-тәжірибемді бөлісетін боламын», – деді шара барысында өзіндік қызықты тәжірибесімен бөліскен ұстаз, Тәжікстан Республикасы «Андарз» жекеменшік білім беру ұйымының сарапшы-әдіскері Азимджон Муллоев.
Жалпы құндылықтарға негізделген білім берудің жас ұрпақты тәрбиелеудегі үлесі зор екенін шараға қатысушы спикерлер жан-жақты саралап берді.
Халықаралық форум екі күнге жалғасады. Алғашқы күні қатысушылар назарына Q-Talks – TEDx форматындағы халықаралық және республикалық спикерлердің баяндама сессиясы, Астана қаласы білім беру ұйымдарының үздік тәжірибелері қойылған «Білім. Әдіс. Инновация» көрмесі, «Құндылықтарға бағдарланған білім: әдістемелік ынтымақтастық және тәжірибе» тақырыбындағы дөңгелек үстел ұсынылды. Астана қаласының бірнеше білім беру ұйымдарынының жұмысымен танысты.
Форумның екінші күні практикалық шеберлік сабақтары мен инновациялық оқыту модульдері таныстырылатын панельдік сессиялар өтеді. Форумға қатысушылар
Ерғазы Манапұлы
Загрузка...



