Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Кеңестің жылдық қорытындысы
«Amanat» партиясының Астана қалалық филиалы жанындағы Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Кеңестің өткен аптадағы отырысына қатысушылар биылғы жылы жүйелі жүргізілген жұмыстардың нәтижелерін қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын мақсаттар мен міндеттерді саралаған болатын.
Басқосу барысында салалық Кеңес есепті жылдағы қызметін партияның сайлауалды бағдарламалық құжаттарына және мемлекеттік білім беру саясатының басымдықтарына сәйкес жүзеге асырғаны айрықша атап айтылды. Және бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар негізінен білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, адами капиталды дамытуға, педагогикалық қауымдастықты қолдауға және заманауи білім беру тәжірибелерін енгізуге бағытталғанын білдік. Кеңестің отырыстарында білім беру саласындағы қолданыстағы заңнама мен нормативтік-құқықтық актілерге талдау жүргізіліп, нормативтік базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленіп, сондай-ақ білім сапасы, кадр тапшылығы, цифрландыру және инклюзия мәселелері бойынша өзекті талдамалық анықтамалар қалыптастырылған.
– Партия филиалы жанындағы Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Кеңесінің білім саласы бойынша Кеңес құрамы осы жылдың басында алпыс пайызға жаңартылып, Кеңес мүшелерінің жалпы саны он сегіз адамды құрап отыр. Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында жұмысшы мамандығы мен еңбек адамының беделін көтеру, жұмысшы кәсібіне деген жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында біздің Кеңес жыл басынан бері елордасындағы оннан астам колледжде көшпелі іс-шараларға шықты. Осы жүздесулер кезінде колледждердің тыныс-тіршілігімен танысып, құзыреттілік орталықтары мен шеберханаларында сабақтарда болдық, – деді «Amanat» партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Кеңес төрағасының орынбасары Cеркебаев Есенбек.
– Жақсы дүниелермен қатар бірқатар түйткілі шешілмеген мәселелердің бар екеніне көз жеткіздік. Соның бірі, оқу-өндiрiстiк шеберханалар мен зертханаларда студенттердiң қолымен өндiрiлген өнiмдер мен тауарларды одан әрi колледж қабырғасынан тыс қолдана алмауы, яғни колледждерге қосымша табыс табуға заңнамалық кедергілердің бар екендігі. Бұл қосымша қаражат көзі қолледждердің өздерінің өндірістік шығындарын жабады және студенттердің дағдыларын одан әрі жетілдіру үшін қажетті шикізат пен материалдарды сатып алуға мүмкіндік береді.
Есенбек Салдарбекұлының мәлімдеуінше, заңнамадағы уақыттың шектеулігі мен құзырлы министрлік тарапынан әкімшілік кедергілердің орын алуынан колледждерге қосымша мамандық ашу мәселесі қиындық тудырып отырғандығы белгілі болған. Кәмелеттік жасқа толмай орта буын жұмысшы мамандығын бітірген жастардың жұмысқа орналаса алмауы да күн тәртібінде тұр. ҚР Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызының төрайымдығымен өткен «Amanat» партиясының жанындағы «Білім беру және денсаулық сақтау» Кеңесінің отырысында осы және тағы да басқа маңызды мәселелерді жиналғандардың назарына жеткізген-ді.
Парламент Мәжілісінің депутаттары мен Оқу-ағарту министрлігі және Әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты өкілдері де осы отырысқа қатысқан болатын. Қалалық колледж басшылықтарының тарапынан көтерілген көпшілік мәселелер бүгінгі таңда оң шешімін тапқан. Сондай-ақ мектеп асханаларының қызметі мен білім ордаларының құрылыс жұмыстары, студенттік жатақханалардың тыныс-тіршілігі осы Кеңестің тарапынан ерекше назарға алыныпты.
«Amanat» партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі Кеңестің мүшелері осы Кеңестің кураторы Дәурен Ұлықпановтың жетекшілігімен мазмұнды әрі нәтижелі жұмыстарды абыроймен атқарғаны белгілі болды. «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында Кеңес білім беру саласындағы өзекті мәселелерге дер кезінде үн қатып, нақты шешімдерге ықпал еткен. Кеңес мүшелері Жұмысшы мамандықтарының жылына орай елорданың техникалық білім беру бағытындағы 10 колледжіне барып, қалалық коледждерде бірқатар көшпелі іс-шаралар өткізіп, жұмысшы кәсіптердің беделін арттыруға, жастардың кәсіби бағдарын күшейтуге бағытталған нақты жұмыстарды жүзеге асырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Үйлесімді іс-шаралардың шеңберінде колледждердің үздік тәжірибелері зерделеніп, өндірістік оқыту мен дуальды білім беруді дамытуға бағытталған оң кейстер анықталып, тиісті органдарға ұсынылды. Бұл тәжірибелерді тарату арқылы білім беру ұйымдарының жұмысын жетілдіруге және студенттердің еңбек нарығына бейімделуіне оң әсер еткені даусыз. Жыл бойы Кеңес отырыстары мен көшпелі іс-шаралар ұтымды ұйымдастырылып, қоғамдық маңызы бар бірқатар мәселелердің оң шешім табуына ықпал жасалды. Кеңес жұмысы республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланған.
Дәурен Мұхамбетсадықұлының әлеуметтік желілердегі жеке парақшасында да барлық іс-шаралар белсенді түрде көрсетіліп, халыққа ашық таныстырылды. Сонымен қатар мектеп асханаларының жұмысы, білім беру нысандарындағы құрылыс және жөндеу барысы, сондай-ақ жаңа оқу жылына дайындық мәселелері Кеңестің тұрақты бақылауында болды. Жалпы алғанда бұл Кеңестің қызметі тиімділігімен, тәжірибеге бағытталған көзқарасымен және нақты нәтижелерімен ерекшеленіп, елордадағы білім беру саласының, әсіресе жұмысшы мамандықтарды дамыту бағытының ілгерілеуіне оң серпін берді.
– Елордада 32 колледж жұмыс істейді, онда отыз сегіз мыңнан астам студент білім алуда. Кадрларды даярлау жетпіс алты мамандық пен 126 біліктілік бойынша жүзеге асырылады. Тоғыз жүз отыз сегіз орынға арналған жаңа жатақхана салынуда. Студенттердің саны артып келеді, олар кәсіпорындардың өтінімдері бойынша мақсатты даярлықтан өтуде. Дуальды оқыту жүйесі жиырма бір колледжді қамтып, жұмыс берушілермен жасалған 9 мыңнан астам келісімшартты біріктіреді. 2030 жылға дейін мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында он мыңнан астам маман даярлау жоспарлануда. Сонымен қатар кадрларды даярлау үдерісіне бизнесті белсенді тарту, жастардың кәсіби бағдарлау бағдарламаларын дамыту, студенттерге барлық деңгейде тұрақты әлеуметтік қолдау көрсету қажет, – дейді «Amanat» партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы Кеңес мүшесі, Астана қаласы мәслихатының депутаты, «Тұран-Астана» университетінің ректоры Жапарова Гүлжамал Әлкенқызы.
Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ
Загрузка...