Тарих сабағында мәселені талдауда проблемалық сұрақ қою арқылы оқушылардың идеяларды дәйектеу дағдысын дамыту

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың тұжырымдамасына сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, білім беру процесін ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен озық тәжірибе негізінде жаңалықтар енгізуде.  Кәсіби әлеуетін айқын көрсету үшін оқытудың әр түрлі технологиялары жасалынып, барлық білім беру мектеп тәжірибесіне енуде. Мысалы, Дж. Дьюи, М. Махмутов “Проблемалық оқыту технологиясы”, ғалым Ж.А.Қараевтың «Деңгейлік саралап оқыту технологиясы» және DoCoyle, 2008  Marsh, D (Ed) (2002) Content and Language Integrated Learning (CLIL) тағы басқалар. 

Тарих пәні сабағында мәселені талдауда проблемалық сұрақ қою – оқушылардың идеяларды дәйектеу дағдысын дамытудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Бұл тәсіл оқушыны жай ғана фактіні айтуға емес, ойын негіздеуге, себеп–салдарды түсіндіруге, дерекке сүйеніп аргументпен сөйлеуге дағдыландырады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті – білімнің жаңа мазмұнынан туындайтын сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін оқыту процесінде — тарихи құбылыстар мен оқиғаларды талдау, оларға баға беру барысында — дайын тұжырымдар мен қорытындыларды ұсынбай, білімалушының осыған деген көзқарасы мен тұжырымына алып келу керек. Яғни оқытушы жаңа білімді дайын түрде баяндамай, білімалушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді. Тәжірибе барысында төмендегі мысалдар арқылы мәселе ұсынылды:

  • «Қазақ хандығының құрылуы кездейсоқ құбылыс па, әлде тарихи заңдылық па?
  • «Алаш қозғалысын ұлттық тәуелсіздікке ұмтылыс деп бағалауға бола ма? т.б.

Мәселеге білімалушыларды ойлануға итермелейтін сұрақтар:

  • Бұл оқиғаның негізгі себебі неде?
  • Қандай дәлелдер бұл пікірді қолдайды?
  • Қарсы пікір айтуға бола ма? Неге?
  • Егер бұл оқиға болмағанда, тарих қалай өзгерер еді?

Жауап алгоритм:

  • «Менің ойымша…, себебі…»
  • «Бұл пікірді … дерегі дәлелдейді»
  • «Тарихи құжатқа сүйенсек…»
  • Нәтиже

Проблемалық сұрақтар арқылы оқушылар:

  • өз ойын дәлелді түрде жеткізеді;
  • тарихи дерекпен жұмыс істейді;
  • функционалдық сауаттылығы артады;
  • зерттеушілік және сыни ойлау дағдылары қалыптасады.

Қорыта айтқанда проблемалық сұрақтар білімалушыларды пассивті тыңдаушыдан белсенді зерттеуші және білімалушының ойлау дағдысын білу түсінуден талдау, анализ жасау, ақпаратты синтездеу, бағалау ойлау процесіне оңай ауыстырады. Бұл тәсіл Қазақстан тарихы сабақтарында тарихи фактілерді ғана емес, сол фактілерге негізделген өз дәлелді пікірін қалыптастыруға маңызды.

 

Ақтау қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тарих пәні мұғалімі Жалгасбаева С.Т. Мүнайлы ауданы, №12 «ЖББМ»КММ-сі тарих пәні мұғалімі Каракулова К.Б.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий