Биотехнология тарауын оқытудағы инклюзивті білім берудің жолдары
№114298
(Жаратылыстану – математика бағытындағы 10-11 сынып оқушыларына және колледждің 1-курс студенттеріне арналған)
АҢДАТПА. Бұл бағдарламада биотехнология тарауын оқыту барысында инклюзивті білім беру тәсілдерін қолданудың тиімділігі қарастырылады. Инклюзивті ортада білім алушылардың білім сапасын арттыру үшін сараланған оқыту, мультимедиялық материалдарды пайдалану, практикалық жұмыстарды бейімдеу және жеке оқу траекторияларын құру тәсілдері ұсынылады. Апробация нәтижелері көрсеткендей, инклюзивті әдістер ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға қолайлы жағдай жасап, олардың пәнді меңгеру деңгейін жақсартуға ықпал етеді.
Түйінді сөздер: Биотехнология, инклюзивті білім беру, ЕБҚ, жаңартылған білім беру, заманауи технология, деңгейлік саралап оқыту, сын тұрғысынан ойлау, жеке тұлғаны дамыту, дамыта оқыту. Кіріспе. “Биотехнология тарауын оқытудағы инклюзивті білім берудің жолдары» атты бағдарлама оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары және элективті курстарды әзірлеу және әдістемелік қамтамасыз ету барысында барлық деңгейдегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды басшылыққа ала отырып, «Оқу жоспарының вариативті бөлігінің оқу бағдарламалары мен элективті курстарды сараптамадан өткізу және оларды жаңартылған білім беру мазмұны аясында әдістемелік қамтамасыз ету» туралы ереже ҚР-ң 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-Ш «Білім туралы» Заңына (06.05.2020 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгертулер негізінде) сәйкес әзірленді.
Бағдарлама мазмұнын аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат жүктеме берілген.10-11 сынып және колледждің 1-курстың 15-16 жастағы жасөспірімдерге, биология пәніне қолдануға ұсынылған. Бағдарламаның мақсаты: Биотехнология тарауын оқытудағы инклюзивті білім беру жолдарын арттыру. Міндеттері: білім алушылардың әртүрлі қажеттіліктерін ескере отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз ету; білім алушылардың әрқайсысының ерекшеліктеріне сай тапсырмалар беру арқылы қызығушылығын арттыру; заманауи технологиялар мен әдіс-тәсілдерді өз мүмкіндіктеріне сай игерту; білім алушыларға тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірін-бірі оқытуды ұйымдастыру.
Және сабақта іс-әрекетті таңдауға жағдай жасау; өзара оқу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы түрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмаларды орындату нәтижесінде құзіреттіліктерін дамыту; жұмыс түрлері мен формаларын үнемі өзгертіп отыру арқылы зейінін арттыру; білім алушылардың өздері қызығып орындайтын тапсырмаларды жиі ұсына отырып, танымдық іс-әрекетке деген табиғи қажеттіліктерін дамыту. Бағдарламаның мазмұны
|
1 |
Кіріспе |
3 |
|
2 |
Тұрақтылау бөлімі |
5 |
|
3 |
Нормативтік бөлім |
8 |
|
4 |
Ақпараттық-тәсілдемелік бөлім |
12 |
|
5 |
Тәсілдемелік-нұсқаулық бөлім |
14 |
|
6 |
Пайдаланылған әдебиеттер |
115 |
Тұрақтылау бөлімі. (аптасына – 1 сағат, барлығы – 34 сағат). Бұл бағдарламада дәрістік сабақтар мен тәжірибелік сабақтар араластырып берілген.
|
№ |
Тақырып |
Сағат саны |
Нәтиже |
|
1 |
Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылықта, медицинада, тұрмыста микроағзаларды пайдаланудың оң және теріс жақтары. Ауыл шаруашылығында микроағзаларды қолдану |
1 |
Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылықта, медицинада, тұрмыста микроағзаларды пайдаланудың оң және теріс жақтарын атайды, қолдануын талдайды |
|
2 |
Полимеразды тізбекті реакцияны (ПТР) қолдану |
1 |
Полимеразды тізбекті реакцияны (ПТР) қолдану жайлы білімдері артады |
|
3 |
Криминалистикада, медициналық диагностикада, әкелікті анықтауда, дербес медицинада полимеразды тізбекті реакцияның маңызы |
1 |
Криминалистикада, медициналық диагностикада, әкелікті анықтауда,дербес медицинада полимеразды тізбекті реакцияның маңызын оқып-үйренеді |
|
4 |
Гендерді клондауда, ДНҚ-ны секвенирлеуде, мутагенезде полимеразды тізбекті реакцияның маңызы |
1 |
Гендерді клондауда, ДНҚ-ны секвенирлеуде, мутагенезде полимеразды тізбекті реакцияның маңызын сипаттайды |
|
5 |
Гендік-инженерлік манипуляция кезеңдері |
1 |
Гендік-инженерлік манипуляция кезеңдерін біледі |
Нормативтік бөлім. (аптасына-1 сағат, барлығы-34 сағат).
|
№ |
Тақырып |
Оқу мақсаты |
Сағат саны |
Білім өнімі |
||
|
Барлығы |
Теория |
Практика |
||||
|
1 |
Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылықта, медицинада, тұрмыста микроағзаларды пайдаланудың оң және теріс жақтары. Ауыл шаруашылығында микроағзаларды қолдану |
Адам өміріндегі биотехнологияның рөлі мен маңыздылығын бағалау, қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін оқып-үйрену |
1 |
1 |
|
Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылықта, медицинада, тұрмыста микроағзаларды пайдаланудың оң және теріс жақтарын атайды, қолдануын талдайды |
|
2 |
Полимеразды тізбекті реакцияны (ПТР) қолдану |
ПТР әдісінің артықшылығын білу, қалай қолданатынын талдау, қоғамдық сапалы қасиеттерін дамыту |
1 |
1 |
|
Полимеразды тізбекті реакцияны (ПТР) қолдану жайлы білімдері артады |
|
3 |
Криминалистикада, медициналық диагностикада, әкелікті анықтауда, дербес медицинада полимеразды тізбекті реакцияның маңызы |
Криминалистикада,медициналық диагностикада, әкелікті анықтауда, дербес медицинада полимеразды тізбекті реакцияның маңызын сипаттау, жауапкершілікке тәрбиелеу |
1 |
|
1 |
Криминалистикада, медициналық диагностикада, әкелікті анықтауда,дербес медицинада полимеразды тізбекті реакцияның маңызын оқып-үйренеді |
|
4 |
Гендерді клондауда, ДНҚ-ны секвенирлеуде, мутагенезде полимеразды тізбекті реакцияның маңызы |
Гендерді клондауда, ДНҚ-ны секвенирлеуде, мутагенезде полимеразды тізбекті реакцияның маңызын оқып-үйрену, ұқыптылққа тәрбиелеу |
1 |
1 |
|
Гендерді клондауда, ДНҚ-ны секвенирлеуде, мутагенезде полимеразды тізбекті реакцияның маңызын сипаттайды |
|
5 |
Гендік-инженерлік манипуляция кезеңдері |
Гендік-инженерлік манипуляция кезеңдерін түсіндіру |
1 |
1 |
|
Гендік-инженерлік манипуляция кезеңдерін біледі |
Ақпараттық-әдістемелік бөлім. Биология пәнінен жазылған «Биотехнология тарауын оқытудағы инклюзивті білім берудің жолдары» атты авторлық бағдарламаның алғашқы бөлімі «Адам өміріндегі биотехнологияның рөлі мен маңыздылығы» деп аталады. Бұл бөлімде 4 сағат: «Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылықта, медицинада, тұрмыста микроағзаларды пайдаланудың оң және теріс жақтары. Ауыл шаруашылығында микроағзаларды қолдану», «Полимеразды тізбекті реакцияны (ПТР) қолдану», «Криминалистикада, медициналық диагностикада, әкелікті анықтауда, дербес медицинада полимеразды тізбекті реакцияның маңызы», «Гендерді клондауда, ДНҚ-ны секвенирлеуде, мутагенезде полимеразды тізбекті реакцияның маңызы» тақырыптары қамтылған.
Аталған бөлімде: сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы; деңгейлік саралап оқыту технологиясы; жеке тұлғаны дамыту технологиясы; ақпараттық оқыту технологиясы арқылы оқытамыз. Әдістемелік-нұсқаулық бөлім. Оқу сабағының жоспары. Сабақ №1
|
Модуль/пән |
Биология |
|
|
Педагог |
|
Күні |
|
Жалпы мәліметтер |
|
|
|
Бөлім/бөлімше |
Биотехнология |
|
|
Сабақтың тақырыбы |
Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылықта, медицинада, тұрмыста микроағзаларды пайдаланудың оң және теріс жақтары. Ауыл шаруашылығында микроағзаларды қолдану |
|
|
Сабақтың түрі |
Теория |
|
|
Сабақтың мақсаты (оқыту нәтижесі) |
1) Адам өміріндегі биотехнологияның рөлі мен маңыздылығын бағалау; 2) ауыл шаруашылығында микроағзалардың қолданылуын талдау |
|
|
Міндеттері (бағалау критерийі) |
1) Артықшылықтары мен кемшіліктерін атайды биотехнологияда қолданылатын тірі организмдер; 2) ауыл шаруашылығында микроорганизмдердің қолданылуын талдайды; |
|
|
Ойлау дағдысының деңгейі |
Білу және түсіну. Қолдану. |
|
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/ уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Білім алушылардың іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы
5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі. Оқытушы білім алушылармен амандасып, топты түгендейді. Оқытушы білім алушыларды түстер арқылы топқа біріктіреді. Түстер арқылы психологиялық жағымды мінездеме беруге де болады. |
Оқытушымен амандасады
Білім алушылар алған түстері арқылы төмендегідей топқа бөлінеді: 1- топ: Фермент 2- топ: Антибиотик 3- топ: Витамин |
Оқытушы білім алушыларға кері байланыс береді.
|
Слайд, интерактивті тақта, түрлі-түсті қағаз қиындылары.
|
|
Сабақ ортасы 35 минут |
«Ой шақыру» әдісі Оқытушы Биотехнологияға байланысты бейне көрсетілім көрсетеді. Білім алушылардың пікірін тыңдағаннан кейін, жаңа тақырыпқа қысқаша тоқталып өтеді. Топпен жұмыс: «Бірге ойлаймыз» әдісі арқылы оқулық мәтінімен жұмыс жасау үшін тапсырма береді: 1- топ: Фермент 2- топ: Антибиотик 3- топ: Витамин
Жұптық жұмыс «Жұптық әңгіме» әдісі арқылы жаратылыстану-ғылыми сауаттылыққа арналған тапсырмасын береді
Жеке жұмыс. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын білім алушыларға жеке орындауға ұсынады
|
Білім алушылар бейне көрсетілімдегі құбылысты түсіндіре отырып, ойларын айтады, бүгінгі тақырыпты ашады.
Тапсырманы топ мүшелері бірлесе отырып орындайды, мәтінмен танысып, сұрақтарға жауап береді
Білім алушылар жұптасып , жаратылыстану-ғылыми сауаттылыққа арналған тапсырманы орындайды
Әр білім алушы қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындайды
|
Дескриптор – Биотехнология жайлы біледі
Дескриптор – Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылықта, медицинада, тұрмыста микроағзаларды пайдаланудың оң және теріс жақтарын біледі; – регламентті сақтайды; – сөйлеу дағдылары жақсы қалыптасады; Дескриптор: – ауыл шаруашылығында микроорганизмдердің қолданылуын талдайды Балл қою кестесіне сәйкес 20 баллмен бағаланады
Дескриптор: -микроорганизмдер туралы дұрыс тұжырымды таңдайды: – суреттің атауын тауып, сипаттама береді; -микроорганизмдер-ді қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін біледі; – оқу сауаттылығы дамиды. Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары балл қою кестесіне сәйкес 80 баллмен бағаланады, жауаптың толық, толық емесіне байланысты балл шегеріліп отырады |
«Биотехнология» бейне көрсетілім
оқулық,
2-қосымша: Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық тапсырмасы
1- қосымша: Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
|
|
Сабақтың соңы
5 минут |
Оқытушы «Бағдаршам» әдісі арқылы рефлексия жүргізеді
Үйге тапсырма беріледі |
Білім алушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Жасыл- өте жақсы Сары –жақсы Қызыл-орташа Кері байланыс жасайды
Үй тапсырмасын жазып алады |
Балл қою кестесіне сәйкес бағалау қорытындысы шығарылады |
Түрлі-түсті карточкалар |
Күтілетін нәтиже: білім алушылардың әртүрлі қажеттіліктерін ескере отырып, сапалы білім беру қамтамасыз етіледі; білім алушылардың әрқайсысының ерекшеліктеріне сай тапсырмалар беру арқылы қызығушылықтары артады; заманауи технологиялар мен әдіс-тәсілдерді өз мүмкіндіктеріне сай игереді; білім алушыларға тапсырмаларды орындауға көмектесетін бірін-бірі оқытуды ұйымдастырады; сабақта іс-әрекетті таңдауға жағдай жасалады.
Және өзара оқу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы түрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмаларды орындату нәтижесінде құзіреттіліктері дамиды; жұмыс түрлері мен формаларын үнемі өзгертіп отыру арқылы зейіндері артады; білім алушылардың өздері қызығып орындайтын тапсырмаларды жиі ұсына отырып, танымдық іс-әрекетке деген табиғи қажеттіліктері дамиды.
Қорытынды. Білімді игертуде мыналарды ескерген жөн: оқу әдістерін білім алушылардың қажеттіліктеріне бейімдеу, білім алушыларға нақты қызығушылық тудыратын тақырыптық жобаларды орындауды ұсыну, негізгі құзіреттерді қалыптастыру және дамыту үшін күрделілік дәрежесі түрлі міндеттерді әзірлеу, білім алушыларды бір-бірін қолдауға ынталандыру, өз білімін әр түрлі тұрғыдан қарастыру қабілетін дамыту үшін өзіне оқытушы рөлін алатын білім алушыларға қолдау көрсету, жеке ерекшеліктері мен әлеуетін анықтау үшін бағалау тесттерін қолдану, білім алушымен бірге оның дәл осы уақыттағы қабілеттерінің деңгейін анықтау және оны одан әрі дамыту жоспарын әзірлеу, білім алушыларды жеке оқу мақсаттарын қоюға ынталандыру.
Пайдаланылған әдебиеттер: Әлмағамбетов Қ.Х. Биотехнология негіздері. Астана. 2007. 203 б; Аубакиров Х.Ә. Биотехнология. ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы. Астана: Дәуір, 2011; Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Білім беру ұйымдарында инклюзивтік мәдениетті қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. Нұр-Сұлтан, 2019; Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы. Инклюзивті білім беру үдерісінде қатысушылардың психологиялық- педагогикалық құзыреттілігін арттыру бойынша әдістемелік ұсынымдар. Нұр-Сұлтан, 2019.
Волова Т.Г. Биотехнология. Новосибирск, 1999; Емцев В.Т., Е.Н.. Мишустин., Микробиология, Дрофа, Москва. 2005 ; John E. Smith Biotechnology, Cambridge, 2009; Форстер К. Экологическая биотехнология. Л., 1990; Очкур. Е.А, Құрманғалиева Ж.Ж, Нуртаева М. А. Биология. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық. 2-бөлім. Алматы: Мектеп, 2020, 24-68 б; Абылайханова Н, Қалыбаева А, Пәрімбекова А. Биология. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. 2-бөлім. Алматы: Мектеп, 2019, 226-254 б.
Инклюзивті білім беру: теория, прaктикa, тәжірибе хaлықaрaлық ғылыми-прaктикaлық конференция мaтериaлдaры. Астaнa: Ы. Алтынсaринaтындaғы ҰБА, 2018. 562 б; Жaлпы білім беретін мектепте инклюзивті оқытудың әлеуметтік педaгогикaлық мәселелері// «Қaзaқстaнның ЕҚЫҰ-мен ынтымaқтaстығы: жетістіктер және дaмудың келешегі» aтты хaлықaрaлық ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектері». Шымкент, 2010. 36-39 бб; https:// bilimland.kz; smk.edu.kz https://twig-bilim.kz/kz/film/genetic-modification
Лаура Абубакировна САБДЕНБАЕВА,
“Астана Профи” қалалық шаруашылық
колледжінің биология пәні оқытушысы,
Астана қаласы


