1,1 млн-нан астам ауыл оқушылары үшін оқу жағдайлары жақсарды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 2023–2025 жылдары елімізде шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдық елді мекендерде орналасқан 3 008 мектепке ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Модернизация қала және ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға, сондай-ақ балаларға білім мен тәрбие беру үшін жайлы жағдай жасауға, материалдық-техникалық базаны күшейтуге бағытталған. Осы жұмыстар аясында мектептерге күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіліп, заманауи пәндік кабинеттер сатып алынды, мектеп жиһаздары жаңартылды, кітапханалар мен асханалар жаңғыртылды, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелері күшейтілді.

2023–2025 жылдар қорытындысы бойынша:

  • 369 мектепте күрделі жөндеу жүргізілді;
  • 1 817 мектепте ағымдағы жөндеу жасалды;
  • 2 917 пәндік кабинет сатып алынды;
  • 1 697 мектепте жиһаз жаңартылды;
  • 2 413 мектептің кітапханасы жаңғыртылды;
  • 1 401 мектептің асханасы жаңартылды;

1 705 мектепте қауіпсіздік жүйелері күшейтілді.

Сонымен қатар 2023–2025 жылдары 2 752 мектеп үшін 4 320 пәндік кабинет сатып алынды, оның ішінде:

  • 2023 жылы – 1 072 мектеп (1 507 кабинет);
  • 2024 жылы – 920 мектеп (1 621 кабинет);
  • 2025 жылы – 760 мектеп (1 192 кабинет).

Бұл жұмыстардың нәтижесінде еліміз бойынша 1,1 млн-нан астам оқушының оқу жағдайы жақсарды.

Бұдан бөлек мектеп инфрақұрылымының бірыңғай заманауи форматына көшу үшін 2029 жылға дейін 1300-ге жуық мектепті реновациялау бағдарламасы басталды.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий