Павлодарлық өрендер елордада топ жарды

Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде USTEM Foundation қорымен бірлесе отырып және «Астана дарыны» орталығының қолдауымен «ASTANA FIRST & DRONES CHAMPIONSHIP 2026» чемпионаты аясында FIRST Kazakhstan 2025-2026 Astana FIRST AGE робототехника турнирі ұйымдастырылған болатын. Осы жүлделі жарысқа мектеп оқушыларын, жаттықтырушыларды, педагогтер мен еріктілерді қосқанда тоғыз жүзден астам адам қатысты. Біздің аймақтан 21 команда барып, жоғары дайындық деңгейі мен лайықты нәтижелер көрсетті, – деп хабарлайды Павлодар облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

FLL Challenge санаты бойынша Дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназияның «Daryn» командасы (менторлары – Ли Алексей Олегович және Сыздыкова Айнур Алтынсариновна) «Engineering excellence award» марапатына ие болды. Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатының «Altynsarin Team» командасы (менторлары – Уалқан Еркебұлан Арманұлы және Жаделов Айдос Бекболатович) «Innovation project award finalisT» аталымының финалисі атанды.

Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің «Robodrive8» командасы (менторлары – Медведева Татьяна Фёдоровна және Есенкулова Торгын Джасулановна) «Innovation project award» аталымның жеңімпазы ретінде марапатталды. Бұл командалар мен Павлодар қаласының №2 орта мектебінің «RoboHeart» командасы (менторлары – Аушахманова Акбота Жанабаевна және Айменова Анара Болатовна) SMC (Social Media Challenge) аясында іріктеуден сәтті өтіп, Central Asia FIRST® Championship 2026 халықаралық чемпионатына жолдама алды.

Бұдан бөлек облыс орталығында орналасқан Ш.Шөкин атындағы мектептің «Electro squad» командасы (менторы – Макарова Анастасия Викторовна) – «Motivate award» аталымымен, дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің «Georobot» командасы (менторлары – Медведева Татьяна Фёдоровна және Есенкулова Торгын Джасулановна) – «Breakthrough award» аталымы бойынша және Ақсу қаласының №7 жалпы орта мектебінің «Max7Nova» командасы (менторлары – Негманова Каирпану Канапьяновна және Карюкина Александра Николаевна) – «PEER AWARD» аталымына лайықты марапатты иеленді.

FLL Explore санатының негізінде Павлодар қаласының №21 жалпы орта мектебінің «LegoKids» командасы (менторлары – Блок Наталья Леонидовна және Мокроусова Анастасия Геннадьевна) «Champion’s award finalist» бойынша финалист болды. Екібастұз қаласының №35 мектеп-гимназиясының «Digital Nomads» командасы (менторлары – Ли Алексей Олегович және Жамбұл Анар Қинаятқызы) «Team model award» аталымын жеңіп алды.

Бұл барлық командалар осы ақпан айының 10-13 күндері аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтетін Central Asia FIRST® Championship 2026 чемпионатында өңір намысын қорғау құқығына қол жеткізді. Бұл чемпионат Орталық Азияның ең мықты командаларын біріктіреді және Павлодар облысының оқушылары олардың қатарына лайықты түрде кіріп отыр. Қатысушыларға сәттілік тілейміз, өйткені бұл жарыстың басты жүлдесі – Хьюстонда (АҚШ) ұйымдастырылатын робототехникадан әлем чемпионатына жолдама.

Нұрлан САБЫРБАЙТЕГІ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий