Жаңа буын педагогтердің қатары қалың

2025-2026 оқу жылында еліміздің аймақтарындағы білім беру ұйымдарына 10 мыңнан астам жас педагог жұмысқа қабылданған екен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен жүзеге асып жатқан кешенді шаралардың нәтижесінде жастардың мұғалім болуға ынтасы артып келеді. Педагог мамандығы бойынша оқып жатқан студенттердің шәкіртақысы соңғы бес жылда екі есе көбейіп, жаңа оқу жылынан бастап 84 мың теңгені құрады.

2024-2025 оқу жылында бір мың сегіз жүзге жуық «Алтын белгі» иегері педагогикалық мамандыққа оқуға түссе, былтыр екі мыңнан астам үздік түлек ұстаз мамандығын таңдаған. Бұл – осы жылы оқу бітірген «Алтын белгі» иегерлерінің 23 пайызға жуығы. Жас педагогтерді қолдау мақсатында педагог-тәлімгерлер мен педагогикалық қызметін жаңа бастайтын жас мамандар үшін арнайы білім беру курстарының бағдарламалары мен әдістемеліктері әзірленген.

Одан бөлек ауылға білікті кадрларды тарту мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы тұрақты жүзеге асуда. Мұғалімнің біліктілігін арттыру, қоғамдағы мәртебесін көтеру және сапалы білім беру ортасын қалыптастыру – мемлекеттік білім беру саясатының басты бағыты ретінде жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Мұғалімнің біліктілігін арттыру, қоғамдағы мәртебесін көтеру және сапалы білім беру ортасын қалыптастыру – мемлекеттік білім беру саясатының басты бағыты ретінде жүйелі түрде жүзеге асырылуда.

Мұқан Төлебаев – Қызылорда облысының Арал ауданындағы №262 Ұ.Қараманов атындағы мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі. Ол – өз ісінің шебері, тәжірибелі және дарынды ұстаз. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» байқауының республикалық кезеңінің жүлдегері, сондай-ақ ол аудан бойынша «Үздік математика пәні мұғалімі» аталымының иегері. Мұғалім өз тәжірибесін облыстық және республикалық деңгейлерде табысты таратумен қатар жас ұрпақты тәрбиелеуде зор жетістіктерге жетуде.

«Жас ұстаз-2022» жас мамандар байқауына қатысып, жүлделі орын иеленген. Сонымен қатар тәрбиелеген шәкірті «Алтын түлек» оқушылар олимпиадасының республикалық кезеңінің жүлдегері атанған. Қай заманда да ұлттың рухани өрлеуі мен мәдени дамуының тірегі – ұстаз. Ал бүгінгі қоғамның талапшыл, жаңашыл ұрпағын тәрбиелейтін басты күш – білім мен ізденіске құштар жас педагогтер. Осындай алғыр да адал жас ұстаздардың бірі – Темір ауданы Шұбарқұдық гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жас маман Өмірзақ Аққалиұлы.

Өмірзақ Байзақ 2002 жылғы наурыз айының 22-сінде Темір ауданының Қопа ауылында дүниеге келген. 2008-2019 жылдар аралығында Қопа жалпы білім беретін орта мектебінде білім алып, оқу озаты атанып, мектепті алтын белгімен аяқтады. Білімге деген ерекше ынта-жігерін жоғалтпаған жас түлек жоғары оқу орнында да үздік жетістіктерге қол жеткізді. Ол 2019-2023 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің филология факультетінде оқып, оқуын үздік дипломмен тәмамдады.

Бүгінде екі жылдық еңбек өтілі бар жас ұстаз өзінің білім мен тәрбиені ұштастыра білетіндігімен, шығармашылық әлеуетімен және шәкіртке деген жанашырлығымен көзге түсіп келеді. «Ұстаздың сөзі – игі істің басы» деген ұстанымды берік ұстанған кейіпкеріміз түрлі білім сайыстарында, жыр мүшәйраларында жеңіске жетіп, өзінің ақындық, шешендік қырын танытып жүр. Шәкірттерінің де жетістігі – ұстаз еңбегінің жемісі.

Тәрбиелеп отырған оқушылары аудандық, облыстық деңгейдегі байқауларда үздік нәтиже көрсетіп келеді. Бақдәулет Жеңісов шәкірті облыстық «Бала би-2024» байқауында Бас жүлде иегері атанса, «Ақберен» өнер байқауының облыстық кезеңінде жүлделі бірінші орынға қол жеткізген еді. Осындай табандылық пен талапшылдық, білімге деген құштарлық пен шәкіртке деген шынайы қамқорлық – нағыз ұстазға тән қасиеттер. Ол – бүгінгі жас мамандарға үлгі боларлық тұлға. Және үздіксіз еңбегімен, білімімен және адами қасиеттерімен ел ертеңін тәрбиелеуге өз үлесін қосып келеді.

Нұрлан ТІЛЕГЕНҰЛЫ

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий