Білім сапасы мен тағылымды тәрбие қос қанатымыздай

2025-2026 оқу жылында облыстағы жалпы білім беретін пәндерді оқыту барысында жасанды интеллект қолдану министрлік тарапынан ұсынылған алгоритммен жүзеге асырылуда. Жергілікті орта білім мекемелерінің техникалық қамтамасыз ету мақсатында компьютерлік кабинеттерді тиісті деңгейде жабдықтау, оқу сыныптарына интерактивті тақталарын орнату және қосымша мектепте қолданатын ноутбук, планшет сынды тағы да басқа қажетті құрылғылардың жеткіліктілігі мен жарамдылығы туралы талдау жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қоса жұмысты бақылау және мониторингілеу бағытында облыстық білім басқармасында ЖИ енгізуге жауапты маман, облыстық білім беруді дамыту орталығында жауапты басшы орынбасары бекітілді. Және облыстық білім беруді дамыту орталығының ережесіне енгізілген өзгерістердің нәтижесінде «Білім мазмұнын талдау және цифровизация» бөлімінің құрылымына «жасанды интеллект» функционалдық қызметтері қосылды. «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалдарында биыл аймақтағы 12 мың 850 педагогті біліктілік арттыру курстарынан өткізу жоспарланған, оның ішінде біліктілікті арттыру білім беру бағдарламалар тізімінде «цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті пайдалану» курсы енгізілген.

Оған қоса өңірдегі білім беру саласына цифрлық технологиялар мен жаңа әдістемелерді енгізу үшін жаңа оқу жылында мектептерде пилоттық жоба ретінде төрт платформа («BilimLand», «Bilim.app», «EDUSER», «WONK») жүйелері жұмыс жасауда. Бұл платформаларда педагогтердің ЖИ қолдану бойынша цифрлық құзыреттілігі мен ЖИ-ді көмекші құрал ретінде қолданудың мәдениетін қалыптастыру сияқты функциялар бойынша да қызметтер атқарылады. Сондай-ақ тоқсан сайын облыстық білім беруді дамыту орталығында ЖИ оқу процесіне енгізу бойынша аралық нәтижені қарауды ұйымдастыру тапсырмасы енгізілді.

ҚР Оқу-ағарту және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бірлесіп, біздің облыста орта білім беру ұйымдарының оқушылары үшін бағдарламалау негіздерін оқыту жөніндегі онлайн-білім беру платформасын пилоттық режимде іске қосу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс жүргізілгенін мәлімдеді. Astana Hub халықаралық технопаркі базасында оқушыларды оқытуға арналған онлайн-білім беру платформасы іске қосылғанын, сондай-ақ жасанды интеллект (AI) педагогтерін оқытуға және ойындарды әзірлеуге (Game Development) бағытталған пилоттық жоба 2024-2025 оқу жылында жүргізілген еді.

Онлайн білім беру платформасына edu.astanahub.com қазіргі уақытта облыс орталығының 697 оқушысы бағдарламалау негіздері бойынша курстарға қол жеткізе алды. Биылғы оқу жылында аталған платформада 1013 орта білім беру ұйымдарының оқушылары үшін бағдарламалау негіздерін оқыту бойынша онлайн-білім беру платформасын іске қосуға оқушылар тізімі жасақталып, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда. Сондай-ақ облыста Келес ауданына қарасты №7 жалпы білім беретін мектебі 2024-2025 оқу жылынан бастап «CodiPlay» жобасына қатысатыны белгілі болды және осы оқу жылында өз жалғасын табуда.

Жоба геймификация элементтері арқылы балаларды бағдарламалауға үйретуге бағытталған, оқушылар арнайы қосымша арқылы ойындармен бағдарламалау мен гаджеттерді (IoT жобалары) жасауды үйрене алады. Сонымен қатар оқушылардың оқу процесін бақылау үшін мектептер мен оқу орталықтарына арналған CodiTeach платформасы жасалған, ол мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша онлайн курстарды да қамтиды. IoT гаджеттерін құрастыру және жасау арқылы оқушылар робототехниканың негіздерін және негізгі концепцияларын түсінеді. Arduino UNO негізінде жобаларды жинау барысында олар схема құрастыру және жобалау дағдыларын дамытады.

CodiPlay негізіндегі оқу бағдарламасы логиканы, құрылымдық ойлауды, есте сақтау мен когнитивті дағдыларды дамытуға бағытталған. Жоба математикалық ойлауды және үлгілерді тануды жақсартуға да ықпал етеді. Балалар алгоритмдер, циклдық тізбектер және шартты өрнектер негіздерін ойын арқылы үйренеді. Қосымшада Maker Education және STEAM негізіндегі кешенді әдіс қолданылады. «CodiPlay» білім беру платформасын апробациялау бойынша пилотты іске қосу үшін жоба бойынша Жол картасын өңірде талап етілетін ғылыми әзірлемелер мен жобалар бағыттарына ұсыныстарды қарау жоспарланып отыр.

Биыл өңірдегі білім беру ұйымдарында оқитын 215 мың 531 бала бір реттік тегін тамақтану құқығын иеленіп отыр (60 мың 770 бала осал топ отбасыдан, 154 мың 761 оқушы бастауыш сыныпта). ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығындағы талаптарға сәйкес, облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан перспективалық ас мәзірі дайындалып, білім беру ұйымдарына жолданды. Аймақ бойынша барлығы 1116 мектеп жұмыс істейді, онда 556 мың 862 оқушы білім алуда. Оның ішінде 0 сыныптағы балалар саны – 33 мың 799, ал 1–11-сынып оқушылары – 523 мың 63 баланы құрайды. Қосымша біліммен қамтылған оқушылардың жалпы саны – 472 мың 347, бұл облыс бойынша 90,30 пайыздық көрсеткішке тең.

Бұл көрсеткіш облыстағы балалардың басым бөлігі түрлі бағыттағы үйірмелер мен секцияларға тартылғанын дәлелдейді. Жалпы алғанда жергілікті қосымша білім беру жүйесі тұрақты дамып, оқушылардың шығармашылық, зияткерлік және спорттық әлеуетін арттыруға бағытталған жұмыстар тиімді жүзеге асырылуда. Көркемдік-эстетикалық бағыт бойынша облыста 2966 үйірме жұмыс істеп, олармен 184 мың 405 оқушы қамтылған. Бұл бағыттағы қосымша білім беру мекемелеріне 29 мың 199 оқушы қатысуда. Пікірсайыс қозғалысы аясындағы 864 клубта отыз үш мың екі жүз білімгер бар.

Сегіз жүз отыз сегіз білім беру мекемелерінде ұйымдастырылған мектеп парламенті қызметіне 77 мың 319 ұл мен қыз мүше. Алты мың бір жүз алпыс бір үйірме мен секцияда 146 мың 913 оқушы тұрақты түрде түрлі спортпен шұғылдануда. Алдағы уақытта үйірмелер санын арттыру, ауылдық елді мекендерде жаңа бағыттар ашу және цифрлық, техникалық үйірмелерді кеңейту жоспарланған. Қосымша білім беру мекемелерінде цифрландыру бағыты бойынша нақты шаралар атқарылуда. «DARTS» цифрлық платформасы тұрақты түрде жұмыс істеп тұр.

Бұл платформа арқылы: үйірмелерге оқушыларды онлайн тіркеу; үйірмелермен қамтылған оқушылар санын нақты есепке алу; қатысуды күнделікті белгілеу жұмыстары жүзеге асырылуда. «DARTS» платформасын енгізу қосымша білім беру саласындағы басқару тиімділігін арттырып, мәліметтердің шынайылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуде. Облыстың шалғай ауылдарынан келген оқушылардың республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысуы – аймақтың білім саласындағы оң көрсеткіші. Алыс елді мекендердегі балалардың заманауи ғылыми мәселелерге үн қосуы олардың ізденімпаздығын көрсетеді.

Ауыл мектептеріндегі оқушылардың қалалық құрдастарымен қатар бәсекеге түсуі – білім сапасы мен ақпаратқа қолжетімділіктің артып келе жатқанының белгісі. Ауыл балалары көбіне өз өңірінің экологиялық, ауыл шаруашылығы немесе әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған практикалық жобаларды (Отырар ауданы, Мыңшұқыр ауылындағы Р.Бердібай атындағы жалпы білім беретін мектептің 8-сынып оқушысы Өсербай Рауанның «Биомассадан белсендірілген көмір алу және оны суды тазартуда қолдау» жобасы); Түлкібас ауданының Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Маратұлы Бақытжанның «Табиғи бояу қосылған крахмал мен сүт ақуызы негізіндегі биопластик әзірлеу» жобасы; Жетісай ауданының №55 «Жеңістің 50 жылдығы» жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы Ақберді Бақдәулеттің «Смартфон арқылы күбі пісу» жобасы) ұсынады.

Бұл байқаулар ауыл жастарының арасынан болашақ ғалымдар мен инноваторларды ерте бастан анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауыл мектептерінің балалары республикалық Жалпы пәндер олимпиадасында да өте жоғары нәтиже көрсетуде. Бұл былтырғы мен биылдың алғашқы айларындағы көрсеткіштерінен анық байқалады. «Ең үздік олимпиадалық команда-2025»: 2025 жылдың желтоқсан айында Астанада өткен ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қоғамдық-гуманитарлық бағытында Түркістан облысының командасы жоғары нәтиже көрсетіп, «Ең үздік олимпиадалық команда» атағын жеңіп алды. 2025-2026 оқу жылында облыс бойынша олимпиадаға қатысуға 21 мың 516 оқушы тіркелген, бұл өңірдегі білімге деген зор құштарлықты дәлелдейді.

2025 жылдың соңында (қазан-қараша айларында) өткен облыстық кезеңдерге 849 оқушы жолдама алып, олардың арасынан ең үздіктері республикалық деңгейде бақ сынады. Ауыл балалары тек гуманитарлық емес, сонымен қатар жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша да жүлделі орындардан көрінуде. Отырар ауданы, Көксарай ауылындағы М.Әуезов атындағы мектептің оқушысы Қалдыбай Ұлту ағылшын тілінен ең жоғары нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылындағы С.Сейфуллин мектебінің оқушысы Амангелді Балауса информатика пәнінен өте жоғары нәтижемен алдыңғы қатардан көрінді.

Қазығұрт ауданы, Қаржан ауылының 1-мамыр жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Мұқтарқызы Айша физика пәнінен жағары нәтиже көрсетіп, екінші орынға шықты. Осындай жоғары нәтижелер ауыл мектептеріндегі білім сапасының артып, талантты жастардың мемлекеттік деңгейдегі интеллектуалды бәсекелерде нық сеніммен өнер көрсетіп жүргенін айқындайды. Халықаралық мектептерге арналған PISA-2024 (PBTS) зерттеуіне алдыңғы жылы облыс бойынша 147 білім беру ұйымынан (143 мектеп, 2 колледж) 5840 білім алушы қамтылды. Зерттеу нәтижесі бойынша орташа балл 409 құрап, негізгі PISA-2022 зерттеу нәтижесі бойынша орташа көрсеткіштен +34 балға жоғары болды.

Жаратылыстану сауаттылығы бойынша орташа көрсеткіш он екі балға төмендеген, ал математика сауаттылығы бойынша 65 балға жоғары, оқу сауаттылығы бойынша 46 балға жоғарылау байқалды. Жаратылыстану сауаттылығының орташа балы – 377,1; математикалық сауаттылықтың орташа балы – 456,2; оқу сауаттылығының орташа балы – 393,8. Облыс көлемінде қала және ауыл оқушылары үш бағыт бойынша ауыл мектептері жоғары нәтижелер көрсетті: оқу сауаттылығы: қала – 428,5 , ауыл – 504; математикалық сауаттылық: қала – 383,55, ауыл – 391,8 және жаратылыстану сауаттылығы: қала – 365,94 , ауыл – 379.

2025 жылы республикамыз бойынша тапсырмаларды орындаудың орташа пайызы алпыс пайызға жетсе, біздің облыстағы бұл көрсеткіш 62,86%, яғни республикалық деңгейден үш пайызға жоғарылады. Демек бұл аймақтағы оң динамиканың қалыптасқанын көрсетеді. Біздің өңір былтыр республикалық орташа көрсеткіштен жоғары нәтижеге қол жеткізді. Республикадағы тоғызыншы сынып оқушыларының тапсырмаларды орындау орташа пайызы 51 пайызды құраса, өңірдегі көрсеткіші – 59,94%. Бұл республикалық орташа деңгейден 8,94% жоғары, яғни аймақтың салыстырмалы түрде жоғары нәтижелерін көрсетеді, білім алушыларды даярлаудың тұрақты жоғары сапасын айғақтайды.

Облыс республикалық орташа деңгейден (60%) жоғары тұрақты көрсеткіштерді сақтап отыр. Екінші тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасы: 2024-2025 оқу жылында 54,37%; 2025-2026 оқу жылында 55,5% (орта балы – 3,99) құрады (1,13% жоғарылаған). «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасын республика көлемінде масштабтау бойынша жол картасы бекітілді. Басты мақсат: ауыл мен қала мектептерінің арасындағы айырмашылықты жою, ауыл мектептерінің, оның ішінде шағын жинақты. Жобаға өңірімізде: 2024-2025 оқу жылы бойынша жеті тірек мектеп, 23 шағын жинақты мектеп; биылғы қаңтардан бастап 24 тірек, жетпіс тоғыз шағын жинақты мектеп бекітілді. Жол картасы аясында тірек мектептерге бекітілген шағын жинақты мектептердің әлеуетін көтеру мақсатында қарқынды жұмыстар атқарылуда.

Нұрлан СҰЛТАНБЕК,
Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий