Тілдер арасындағы цифрлық көпір: елордалық педагогтердің жаңа тәжірибесі

Астана қаласы білім беру инновацияларының орталығы ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді. №60 мектеп-лицей базасында «Орыс және ағылшын тілдерінің кіріктірілген сабақтарында Akelius тілдік платформасын пайдалану» атты қалалық семинар өтті, – деп хабарлайды екінші мегаполистегі білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл іс-шара ауқымды білім беру жобасын іске асырудағы маңызды кезеңдердің біріне айналды. Кездесудің негізгі мақсаты – озық тәжірибені тарату. Жоба менторлары мен қатысушылары әріптестеріне кіріктірілген сабақтарды жобалау әдістемесін ұсынды. Бұл үдерісте Akelius цифрлық ресурсы қосымша құрал ғана емес, оқытудың негізгі өзегіне айналды.

Орыс және ағылшын тілдерін бірыңғай цифрлық кеңістікте кіріктіру оқушыларға тілдік ұқсастықтарды жедел анықтауға, когнитивтік дағдыларын дамытуға және ең бастысы, оқу үдерісіне деген жоғары мотивацияны сақтауға мүмкіндік береді. Мұндай сабақтарды өткізу жобаның үшінші кезеңге өтуінің нәтижесінде мүмкін болды. Егер бұған дейін педагогтер платформаның функционалдық мүмкіндіктерін меңгерумен шектелсе, бүгінде олар инновациялық сабақты кәсіби деңгейде құрастыратын мамандар дәрежесіне көтерілді.

№60 және №53 мектептердің менторлары мен мұғалімдері үшін бұл семинар дәстүрлі педагогиканы Akelius платформасының интерактивті мүмкіндіктерімен тиімді ұштастырудың жоғары деңгейін көрсету алаңына айналды. Қазіргі мектеп жағдайында Akelius цифрлық платформасы оқушылардың дайындық деңгейіне бейімделе алатын әмбебап құрал ретінде өзінің тиімділігін дәлелдеді.

Астана қаласының педагогтері аталған құралдарды неғұрлым терең меңгерген сайын, өскелең ұрпақ үшін цифрлық тілдік білім беру соғұрлым қолжетімді әрі сапалы бола түседі. Семинар практикалық ұсыныстармен және мазмұнды пікірталаспен қорытындыланды. №60 мектеп-лицейінің тәжірибесі көрсеткендей, технологияларды тиімді қолдану мен әдістемелік шеберлікті ұштастыру – заманауи білім берудің табысты формуласы. Елордалық менторларды алда жаңа белестер күтіп тұр.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий