Астана төріндегі жеңіс: павлодарлық «Заря» елорданы бағындырды!
Жас футболшыларымыз елге үлкен жеңіспен оралды! 21-22 ақпан аралығында Астана қаласында мини-футболдан республикалық «Допшы» кубогы өтті.
Үздік атану үшін еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 команда бақ сынасты. Алайда павлодарлық өрендер нағыз чемпиондардың бізде өсіп келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді! Облысымыздың намысын Павлодар ауданының «Заря» командасы лайықты қорғады.
Нәтижесінде:
- Алтын: 2014–2015 жылғы балалар командасы — турнирдің абсолюттік чемпионы атанды!
- Қола: 2012–2013 жылғы балалар командасы — құрметті үшінші орынды иеленді!
Жекелей марапаттар — облыс мақтанышы:
«Үздік қақпашы» — Рассадин Иван, 5 «Б» сынып оқушысы. Оның жылдамдығы мен батылдығы жеңіске жол ашты!
«Үздік жаттықтырушы» — Ермеков Тілек Ержанұлы, Заря ЖОББМ жаттықтырушы-оқытушысы.
Оның жетекшілігімен шәкірттері жоғары деңгейдегі ойын үлгісін көрсетті.
Жас спортшыларды, жаттықтырушыны және ата-аналарды осынау жарқын жетістікпен құттықтаймыз! Павлодар футбол мектебі — жеңімпаздар мекені!
Загрузка...
