Заң мен тәртіп: Жетісу университетінде «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында кездесу өтті
Бүгін І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Физика-математика факультетінің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Нашақорлық – ғасыр дерті» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында есірткіге тәуелділіктің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және құқықтық жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Шарада Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев сөз сөйлеп, студенттерге құқықтық жауапкершілік пен заң талаптарын сақтау маңыздылығы жөнінде атап өтті.
Кездесу барысында мамандар есірткі заттарының адам денсаулығына тигізетін зияны, оның психологиялық және әлеуметтік салдары туралы кеңінен ақпарат беріп, есірткі қылмыстары үшін қарастырылған заңдық жауапкершілік мәселелерін түсіндірді.
Атап айтқанда, Жетісу облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полиция майоры Дастан Мырзакулов пен аталған басқарманың жедел уәкілі, полиция капитаны Мадина Абдушева студенттерге есірткіге тәуелділік пен қылмыстық жауапкершілік туралы дәріс оқыды. Іс-шара барысында бейнероликтер көрсетіліп, нақты мысалдар келтірілді.
Сонымен қатар, студенттер нашақорлықтың зардаптарын бейнелейтін қойылым ұсынып, көпшілікке ой салды.
Жиын соңында факультет деканы Ілияс Есенғабылов мұндай профилактикалық кездесулердің өскелең ұрпақтың саналы, дені сау әрі жауапты азамат болып қалыптасуына ықпал ететінін атап өтіп, қонақтарға алғысын білдірді.
Ақпараттық дәрісті факультеттің 130 студенті тыңдады.
Загрузка...


