Павлодар облысы Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы мен Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы базасында құрылған Облыстық География орталығының жоспарына сәйкес «Республикалық үздік педагогтер: тәжірибе, жаңашылдық, нәтиже» тақырыбында облыстық онлайн семинар өтті

Бұл мазмұнды алаң – география пәні мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін шыңдап, озық педагогикалық тәжірибені кеңінен таратуға бағытталды. Семинар тек тәжірибе алмасу емес, жаңашыл идеялар тоғысқан, нақты нәтижеге ұмтылған кәсіби диалог кеңістігіне айналды.

Семинар барысында республикалық «Үздік педагог – 2020» байқауының жеңімпаздары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

№48 жалпы орта білім беру мектебі география пәні мұғалімі, педагог-шебер Серік Балықбаевич Тюлегенов «Контекстік тапсырмалардағы картографиялық сауаттылық» тақырыбында баяндама жасап, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда картамен жұмыстың маңызын нақты мысалдармен дәлелдеді. Ол контекстік тапсырмаларды тиімді құрастырудың әдістемелік жолдарын ұсынды.

Ал М.Әуезов атындағы №86 мектеп-гимназиясы география пәні мұғалімі, педагог-шебер Санзира Өмірзаққызы Қалбек «ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары» тақырыбында сөз сөйлеп, тест тапсырмаларын саралау, жүйелі қайталау және білімді бағалаудың заманауи стратегияларын таныстырды.

Сонымен қатар, Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы география пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Анар Толыбаевна Альдекенова цифрлық білім беру технологияларының мүмкіндіктерін кеңінен ашып көрсетті. Ол онлайн платформалар арқылы білімді бекіту, жедел кері байланыс орнату және оқушының жеке білім беру траекториясын құру тетіктерін тәжірибе жүзінде таныстырды.

Облыстық семинар педагогтердің кәсіби қауымдастығын нығайтып, өзара сенім мен қолдауға негізделген орта қалыптастырды. Мұндай кездесулер әдістемелік бағыт-бағдарды айқындап қана қоймай, география пәнін оқыту сапасына тың серпін береді.

Білім беру жүйесіндегі жаңашылдық пен нәтижелілік – ұстаздардың үздіксіз ізденісі мен тәжірибе алмасуының жемісі. Облыстық География орталығы ұйымдастырған бұл семинар – соның жарқын көрінісі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий