Ауыл мектептерінің педагогтеріне арналған халықаралық конференция

2026 жылғы 26 ақпанда «Ауыл мектебінің қазіргі жағдайы: ізденістер, мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбындағы  жыл сайынғы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастыруымен Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беруді дамытудың инновациялық орталығымен бірлесіп өткізілді.

Конференцияның негізгі мақсаты – жаһандық цифрландыру жағдайында және білім сапасына қойылатын талаптардың артуы кезеңінде ауыл мектебін дамытудың стратегияларын жобалау мен ғылыми-тәжірибелік диалог жүргізуге арналған бірыңғай кәсіби кеңістік қалыптастыру.

Конференцияға ЮНИСЕФ ұйымының Қазақстандағы өкілдері, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкерлері, сондай-ақ Турция, Беларусь Республикасы, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы, Түрікменстан елдерінен қазақстандық және шетелдік ғалымдар, облыстық орталықтар мен кабинеттердің, білім беру ұйымдарының басшылары, облыстық және аудандық орталықтардың әдіскерлері, сондай-ақ республиканың барлық өңірлерінен педагог-практиктер  қатысты.

Жеті тақырыптық алаң аясында қатысушылар конференцияның негізгі міндеттерін сәтті жүзеге асырды. Ауыл мектептерінде білім сапасын арттыру жолдарын іздестіру және білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етудегі цифрлық технологиялардың рөлін талқылауға арналған тиімді пікірталас алаңы құрылды.

Спикерлер ауыл және шағын жинақты мектептер тәжірибесінде озық педагогикалық технологияларды қолданудың инновациялық тәжірибесін жинақтау мен тарату мәселелеріне ерекше назар аударды.

Іс-шараның маңызды қорытындысы – білім беру ортасын сапалы жетілдіруге бағытталған ғалымдар мен практиктер арасындағы ғылыми-әдістемелік шешімдердің ауқымды тәжірибе алмасуы болды.

Жұмыс қорытындысы бойынша ауыл мектептерінің қызметіндегі басым бағыттарды айқындайтын және ауылдық жерлерде заманауи оқыту стандарттарын енгізуді қамтамасыз ететін келісілген ұсынымдар әзірленді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий