Павлодарда инклюзивті спорт: бірлік пен құрметке арналған бочча турнирі
Павлодар қаласының білім беру бөлімінің бастамасымен қала бойынша жалпы білім беретін мектептер тәрбиелік жұмысты үйлестіру және қалалық бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында шағынаудандар бойынша бірлестіктерге бөлінген.
Осындай іс-шаралардың бірі — «Адал азамат» бағдарламасы аясында №2 орта мектебінде өткен қалалық инклюзивті бочча турнирі. Аталған спорттық додаға бірлестікке кіретін мектептердің командалары қатысты. Атап айтқанда, А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп, №43 орта мектеп, №6 орта мектеп, №11 орта мектеп және ұйымдастырушы — №2 орта мектеп оқушылары бақ сынасты. Турнир білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, инклюзивті мәдениетті дамытуға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Жарысқа 1–8 сынып оқушылары, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар қатысты. Турнир өзара құрмет, қолдау және тең мүмкіндіктер қағидаттарын қалыптастыруға бағытталды. Іс-шара әрбір баланың мектептің спорттық өміріне толыққанды қатысуына жағдай жасап, оқушылар ортасында бірлік пен төзімділік құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.
Загрузка...

