«Самғау» шығармашылық орталығында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған инновациялық іс-шара аясында көне қазақ зияткерлік ойыны «Бестемшені» қайта жаңғырту және оны бастауыш сынып оқушыларының даму бағдарламасына енгізу туралы бастама ұсынылды

Бұл бастауыш сынып оқушыларында сыни ойлау мен стратегиялық жоспарлауды дамыта отырып, білім беру процесінде жаңа интеллектуалды драйвер болуға бағытталған. Мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде бастау алған бұл бастама ұлттық ойынның өңірдегі барлық мектептерден лайықты орын алуын көздейді.

«Бестемшені» мектеп өміріне енгізу мәдени мұраны сақтап қана қоймай, оқушыларды табысты білім алу үшін қажетті икімді дағдымен қалыптасуына көмек береді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий