Жетісу университеті: Италиян тілін меңгеру орталығының директоры ресми іссапармен келді

Жетісу университетіне италиян тілінің оқытушысы Алессандро Грасси және Letteratè италиян тілін меңгеру орталығының директоры Любовь Грасси ресми іссапармен келді, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының медиа орталығы.


Оқытушылар университет басшылығымен Марке политехникалық университеті филиалының студенттері мен оқытушыларын италиян тіліне үйрету жұмысын дамыту және болашақта өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, кездесу барысында Алессандро Грасси курсқа қатысушы студенттер мен оқытушыларға интербелсенді сабақтар өткізіп, италиян тілін практикада қолдану ерекшеліктерін түсіндірді. Айта кетейік, аталған италиян тілі курсы 2025 жылғы 12 желтоқсанда басталған. Қазіргі уақытта курс онлайн және офлайн форматта жүргізілуде.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий