Талант пен шабыттың салтанаты!
2026 жылғы 1 наурызда М.Катаев ат. Оқушылар сарйының «Жұлдыздар» заманауи би студиясы Павлодар қаласында өткен «Танцемания» халықаралық конкурс-фестивалі аясындағы «JAS DARYN» байқау жобасында өз шеберлігін лайықты деңгейде көрсетті.
Ұжым «Барлық би бағыттары» номинациясы бойынша қатысып, қазылар алқасының назарына бес жарқын әрі мазмұны жағынан әртүрлі композиция ұсынды.
Байқау қорытындысы – үлкен мақтаныш!
«Афроритмы» (аралас топ) — VIP Grand-Prix және ақшалай сертификат
«Ою өрнек» (орта топ) — VIP Grand-Prix және ақшалай сертификат
«Contemporary» (үлкен топ) — I орын
«Қызғалдақтар» (орта топ) — I орын
«Утро начинается» (кіші топ) — I орын
Әрбір қойылым – тынымсыз еңбектің, шығармашылық ізденістің және биге деген шексіз махаббаттың айқын көрінісі. «Жұлдыздар» тағы да дәлелдеді: сахна – олардың шынайы стихиясы, ал жеңіс – табандылық пен таланттың заңды нәтижесі.
Әрбір бала жеңісі үшін тәтті сыйлықпен, дипломмен және кубокпен марапатталды. Бұл күн барлық қатысушылар үшін нағыз мерекеге айналды!
Ұжым жетекшісі Тактаулова Анжела Қасенқызына ерекше алғыс білдіреміз. Ол жоғары кәсібилігі мен балалар шығармашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін байқау ұйымдастырушыларының Алғыс хатымен марапатталды.
«Жұлдыздар» шығармашылық көгінде жарқырай берсін! Жұлдыздарымызбен мақтанамыз және жаңа биік белестер тілейміз!
Загрузка...
