IELTS-ке AI дайындайды: Павлодарлық оқушылардың тың жобасы
Сыныптастары бейнеойын ойнап жүргенде, Павлодар қаласы №2 ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Азамат Серік пен Astana IT University 1-курс студенті Марк Царенко EdTech саласының болашағын қалыптастыруда.
Олардың Raava жобасы халықаралық емтихандарға дайындықты қолжетімді, ақылды және дербес етуге уәде береді.
IELTS немесе Digital SAT-қа дайындалу — бұл әрдайым стресс, тау болып үйілген оқулықтар мен репетиторларға жұмсалатын қаржы. Бірақ әр студенттің тәулік бойы байланыста болатын және оның барлық әлсіз тұстарын білетін жеке тәлімгері болса ше?
Павлодарлық екі жас талант дәл осы міндетті қолға алды.
Raava жобасы — жастық жалын мен академиялық тәсілдің ұштасуы. Жоба авторлары: Павлодар қаласы №2 ЖОББМ-нің 10 «Б» сынып оқушысы Азамат Серік және пен Astana IT University (AIU) университетінің 1-курс студенті Марк Царенко.
Балалар жай ғана кезекті тест сайты емес, күрделі емтихандарға дайындықты жоғары технологиялық процеске айналдыратын толыққанды AI-платформаны жасап шықты.
Raava-ның ерекшелігі неде?
Дәстүрлі курстардың басты мәселесі — адами фактор. Оқытушы эсселерді лезде тексере алмайды, ал оның зейіні ондаған оқушыға бөлінеді. Raava бұл мәселені жасанды интеллект көмегімен шешеді:
1. Лездік кері байланыс: Платформа жазбаша жұмыстар мен ауызша жауаптарды IELTS-тің ресми критерийлері бойынша автоматты түрде бағалайды. Енді өз ұпайыңды білу үшін апта соңын күтудің қажеті жоқ.
2. Жеке оқыту траекториясы: Алгоритм әрбір қатені талдап, оқу жоспарын өзі құрастырады. Егер студентте Reading секциясы немесе Writing-тағы логика ақсап тұрса, жүйе дәл осы модульдерге басымдық береді.
3. Шынайы симуляция: Платформа Digital SAT және IELTS емтихандарының интерфейсі мен күрделілігін толық қайталайтын тренажерларды қамтиды. Бұл студенттерді нағыз емтихан алдындағы белгісіздік пен қорқыныштан арылтады.
«Біздің мақсатымыз — сапалы білімді демократияландыру. Біз әрбір талапкердің, тұрған жеріне қарамастан, әлемдік үздік жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндігі болғанын қалаймыз», — дейді әзірлеушілер.
Бұл нарық үшін неге маңызды?
Raava білім беруді цифрландырудың жаһандық трендіне толық сәйкес келеді. Стандартты қосымшалардан айырмашылығы — бұл AI-тьютор жай ғана дұрыс жауаптарды беріп қоймайды, ол білімдегі олқылықтарды анықтап, мазмұнды адамның қарқынына бейімдей отырып, «оқуды үйретеді».
Бүгінгі таңда жоба халықаралық мансапты армандайтын студенттерді қолдауға бағытталған. Қазақстандық IT-қоғамдастық үшін Азамат пен Марктың кейсі — инновациялар алпауыт корпорацияларда емес, мектеп партасы мен университет коворкингтерінде туатынының жарқын үлгісі.
Загрузка...
