Павлодар облысы жас музыканттарының жарқын жеңісі
Павлодар облысының «Музыкалық колледж – дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат” кешені 6 наурызда Алматы қаласында өткен IV Халықаралық баянисттер мен аккордеоншылардың «Accordion Fest» байқауына қатысты.
Бұл өнер сайысы әртүрлі оқу орындары мен елдерден келген талантты орындаушыларды біріктіріп, жас музыканттардың орындаушылық шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін көрсететін беделді алаңға айналды.
Музыкалық кешеннің оқушылары мен студенттері халықаралық байқауда өз өнерлерін лайықты деңгейде көрсетіп, жоғары дайындықтарын дәлелдеді.
Ниязбек Нұримран, Манап Әлихан, III дәрежелі лауреаттар атанды, ал Жанабай Арслан, Әшірбек Қасиет, Бастами Қалижан, Жумашев Тунгат және Мамрай Ернұр II дәрежені иеленді. Жалецкая Анастасия байқаудың дипломанты атанды.
Қатысушылар жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберліктерін, сахналық мәдениеттерін және музыкалық аспапты еркін меңгергендерін көрсетті.
Байқаудың лауреаттары мен дипломантын құттықтаймыз! Сонымен қатар қатысушыларды дайындаған ұстаздар — Ботагузов М.С., Алимкулов М.Н. және Семёнова М.В. – ерекше алғысымызды білдіреміз. Олардың кәсіби шеберлігі мен шығармашылық еңбегі жас музыканттардың дамуына және жоғары нәтижелерге жетуіне үлкен үлес қосуда.
Жас өнерпаздарға алдағы уақытта жаңа жетістіктер, шығармашылық шабыт және жарқын жеңістер тілейміз!
Загрузка...

