4 жастағы математик: Алидің ерекше қабілеті таңғалдырады

Павлодар облысы, Май ауданына қарасты «Ақбота» сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Назымбек Али – небәрі 4 жаста болса да, өзінің ерекше қабілетімен көпшілікті таңғалдырып жүрген бүлдіршін. Жастығына қарамастан, Алидің математикаға деген қызығушылығы мен қабілеті қатарластарынан әлдеқайда жоғары.

Көптеген балалар бұл жаста ойын мен қызыққа ғана әуес болса, Али сандар әлеміне ерекше ынтамен қарайды. Ол қарапайым математикалық амалдарды өз бетімен орындап, есептер шығара алады. Екі және үш таңбалы сандарды оңай қосып, азайтып қана қоймай, көбейту амалдарын да сенімді түрде орындайды. Тіпті қажет болған жағдайда теріс таңбалы сандармен де есеп шығара алады.

Әсіресе оның ойлау жүйесі мен есепке деген ерекше тәсілі таңғалдырады. Али «минус» деген ұғымды қолданбай, оны өз түсінігіне жақын «азайту» деп атайды. Бұл – оның математиканы өз логикасымен қабылдап, түсініп отырғанының бір көрінісі.

Осындай ерекше қабілетімен Али ұстаздары мен ата-анасының мақтанышына айналып отыр. Болашақта оның білімге деген құштарлығы мен зеректігі үлкен жетістіктерге жетелейді деген сенім мол. Бәлкім, бүгін сандармен еркін ойнайтын осы кішкентай бүлдіршін ертең ел мақтанышына айналар дарынды математик болар.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий