«Ұлы дала рухы мен жаңа білім: тәжірибе алмасу алаңы»

Павлодар облысы Аққулы ауданының педагогтері тәжірибе алмасып, білім сапасын арттыру жолдарын талқылады.

Наурызнама аясында өткізілген «Ұлттық дәстүр мен заманауи білім: серіктестік арқылы сапалы нәтижеге» тақырыбындағы заманауи біліммен үндескен тәжірибе алмасу форумы білім саласының мамандарын бір алаңға жинады.

Форумның негізгі мақсаты – педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын нығайту және тиімді тәжірибелермен бөлісу арқылы білім сапасын арттыру болды. Іс-шара аясында қатысушылар үздік педагогикалық тәжірибелерді таныстырып, желілік қоғамдастық жұмысын жетілдіру, менторлық пен коучинг тәжірибесін насихаттау, сондай-ақ ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыру мәселелерін талқылады.

Форумға мектеп директорлары, директордың орынбасарлары, педагогтер, менторлар мен жас мамандар қатысты. Бағдарлама пленарлық бөлім мен панельдік пікірсайыстан тұрды, онда тәжірибелі мамандар мен жаңашыл педагогтер өз жұмыстарын таныстырып, практикалық кеңестерін бөлісті.

Бұл іс-шара білім саласында серіктестік пен кәсіби тәжірибе алмасудың тиімді жолдарын көрсетуімен ерекшеленді және қатысушыларға жаңа идеялар мен шабыт сыйлады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий