Ұлттық мұра – шебер қолтаңбада
Павлодар облысының оқушысы фанерге ұлттық бейнелерді нақыштап, ағашқа ою жасады.
Аққулы ауылының жалпы білім беру орта мектебінің оқушысы Ермек Әбибол шығармашылық қабілетін танытып, «Ұлы дала», «Ұлттық мұра», «Ұлт қазынасы» тақырыптарын бейнелейтін ерекше қолөнер туындысын жасады.
Ол фанер материалын пайдаланып, ағаштың бетіне ұлттық нақыштағы ою-өрнектерді шеберлікпен ойып, мазмұнды композиция құрастырды.
Жасалған жұмыс қазақ халқының бай мәдениеті мен рухани құндылықтарын бейнелейді. Ұлттық нақыштағы ою-өрнектер мен тақырыптық бейнелер арқылы оқушы туған жерге деген құрметін және ұлттық мұраға деген қызығушылығын көрсете білді.
Бұл туынды оқушылардың шығармашылық ойлауын, қолөнерге деген қызығушылығын дамытып, ұлттық мәдениетті дәріптеудің жарқын үлгісі болып табылады.
Загрузка...