Павлодар облысында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында іс -шара өтті

2026 жылғы 12 наурызда Павлодар ауданында «Айқын нәтиже» жобасы мен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Жастар және заң» атты аудандық іс-шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылықтарын алдын алу және жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Іс-шараға аудан мектептерінің 7–9 сынып оқушылары, құқық қорғау органдарының өкілдері және спорт ардагерлері қатысты.

Аталмыш шарада «Черноярка ЖОББМ» стадионында аудан мектептерінен 60-тан астам жасөспірім 500 м, 1 км және 2 км қашықтықтар бойынша жарысқа қатысты. Шаңғы жарысының негізгі мақсаты – жасөспірімдердің дене белсенділігін арттыру, командалық рухты қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Спорттық бөлімнен кейін іс-шара Новочерноярка ауылының Мәдениет үйінде жалғасты. Диалог алаңында 7–9 сынып оқушылары құқықтық сауаттылық, жауапкершілік, құқықбұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз мінез-құлық мәселелері бойынша ашық пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

Бұл күннің қонақтары:

Павлодар ауданының прокуроры – Исаков Азимхан Бақытұлы

Полиция департаменті, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, бөлім бастығы – Тимиргалиева Ирина Александровна

Павлодар ауданы полиция бөлімінің бастығы – Мусабеков Жанат Жасболатұлы

Білім бөлімінің басшысы – Дүйсекенова Жеміс Қобландықызы

Азия жүлдегері, спорт ардагері – Архипов Евгений Федорович

Аталған іс-шара жасөспірімдер мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықты нығайтып, өскелең ұрпаққа заңға бағыну және салауатты өмір салтын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий