Білім беруді дамыту: халықаралық ынтымақтастық және жаңа мүмкіндіктер
19 наурыз күні Павлодар технологиялық колледжінің базасында «Білім беру кеңістігін кеңейту: академиялық ұтқырлық — бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау құралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Маңызды кездесуге Павлодар облысының білім беру басқармасының өкілдері, Ресей Федерациясындағы А.Н. Косыгин атындағы Новосибирск кооперативтік техникумының делегациясы және колледждің әлеуметтік серіктестері қатысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Кездесу барысында халықаралық ынтымақтастықты нығайту, студенттер мен педагогтердің академиялық ұтқырлығын дамыту, сондай-ақ еңбек нарығының заманауи талаптарына сай білікті мамандар даярлау бағытында тәжірибе алмасу мәселелері кеңінен қарастырылды.
Осындай кәсіби диалог алаңдары білім беру жүйесінің көкжиегін кеңейтіп қана қоймай, халықаралық серіктестікті нығайтуға, жаңа білім мен тәжірибе алмасуға жол ашады. Бұл — жаһандық талаптарға жауап беретін, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған маңызды қадам.
Загрузка...

