Павлодар облысында ЖАС ПЕДАГОГТЕРДІҢ VI ФОРУМЫ өтті
Білім беруді дамытудың инновациялық орталығы 2026 жылғы 26 наурызда жас педагогтерге арналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты VI облыстық форум өткізді. Форум Павлодар қаласының А.Шәмкенов атындағы мектеп-лицейі базасында өтті. Шараға 350 жас педагог пен Б. Ахметов атындағы Жоғары педагогикалық колледжінің 4-курс студенттері қатысты.
Форум аясында «Ed-драйв: идеядан іс-қимылға» ортақ тақырыбымен 13 әдістемелік локация ұйымдастырылды, ал облыстың мамандандырылған мектептері «Педагогикалық инновациялар витринасын» ұсынды. Бұл форумның басты ерекшелігі – ЖАС ПЕДАГОГТЕРДІҢ КОМАНДАЛЫҚ ЖҰМЫСЫ болды. Қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері жетекшілік еткен командалар «AI-Revolution: Менің сабағым»; «Visual Code: Әсер қалдыру өнері»; «Level Up! Геймификацияны максимумға шығар»; «Дзен детекторы: Стоп-күйзеліс»; «Чаттағы дипломатия: Мұғалім vs Ата-ана»; «Imposter No More: Жаңадан келген маманнан кәсіби деңгейге»; «Teacher Brand: Әлеуметтік желі жұлдызы»; «Күш дауысы: Басқару өнері»; «Fuckup Night: Қателіктер күші»; «Attention Battle: Назар үшін шайқас»; «Idea Lab: Мектеп фишкаларының конструкторы – 100 бастама»; «Teach & Talk: Пәндік микс»; «Storytelling: Менің миссиям – Мұғалім!» тақырыптарында қызықты тренингтер, пікірталас алаңдарын және шеберлік сағаттарын өткізді.
Пленарлық мәжіліс «Инновациялар марафоны: жасанды интеллект пен нақты тәжірибе серпінінде» тақырыбында ашық пікірталас форматында өтті. Сондай-ақ, «Дарынды балаларға – талантты ұстаз – 2026» республикалық олимпиадасының жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» облыстық мамандандырылған лицей-мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, І дәрежелі диплом иегері М.А. Құрымсын өзінің педагогикалық идеясын таныстырды. Форум аясында ұйымдастырылған «Менің педагогикалық инновациям» облыстық конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі де ерекше сәттердің бірі болды.
Форумның мазмұнды бағдарламасы жас ұстаздарға командалық іс-қимылдың бірегей тәжірибесін жинақтауға, теориялық және практикалық білім алмасуға мүмкіндік берді.
Загрузка...

