Павлодар облысы «CPFED Uzdik IT Ustaz» турнирінің облыстық кезеңінің үздік IT-педагогтары

2026 жылғы 26 наурызда «Спорттық бағдарламалау федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Павлодар облыстық ақпараттық технологиялар орталығы бірлесіп ұйымдастырған «CPFED Uzdik IT Ustaz» турнирінің екінші кезеңі өз мәресіне жетті.

Бұл додада Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалалары мен Успен ауданының ең білікті информатика мұғалімдері бақ сынасты.

Турнирдің ең жоғары ұпайын еншілеп, «Uzdik IT Ustaz» атағын лайықты түрде иеленген: Илья Олегович Поляков – Павлодар қаласы С. Торайғыров атындағы ЖОББМ мұғалімі.

II орын иегерлері: Кайрат Идрисович Солтаналинов, Светлана Геннадьевна Васина – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі,

III орын иегерлері: Асемгуль Аскаровна Сункарбекова – Екібастұз қаласы, №36 лицей-мектебі; Куат Мырзатаевич Момынов – Павлодар қаласы, «Жас дарын» мамандандырылған мектебі; Татьяна Федоровна Медведева – дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебі.

Жүлдегерлерді айтулы жетістіктерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға цифрлық білім беру жолында шығармашылық табыс пен болашақта жаңа белестерді бағындыруды тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий