Павлодар облысының жарқын жеңісі халықаралық аренада!
2026 жылдың 25–27 наурыз күндері Астана қаласында өткен халықаралық «Infomatrix-Asia 2026» инновациялық байқауы білім мен технология тоғысқан беделді алаңға айналды.
Әлемнің 9 мемлекетінен – Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Гонконг, Африка және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген 500-ге жуық дарынды оқушы 9 бағыт бойынша өз жобаларын қорғап, үздіктер қатарынан көрінуге тырысты.
Осы бәсекеде Ақсу қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушылары Акрамов Ислам мен Нұрғазы Бекнұр ерекше жетістікке қол жеткізді.
Олар Filmmaking (Short Movie) секциясы бойынша ІІ орынды иеленіп, халықаралық байқаудың күміс жүлдегерлері атанды. Сонымен қатар, оқушылар Қазақстанның жоғары оқу орындарының грант иегері атанып, өз болашақтарына нық қадам жасады.
Жас таланттардың жетістігі – олардың жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Қурбонов Нуржигит Ашируғлидің кәсіби бағыт-бағдары мен тынымсыз еңбегінің жемісі.
Бұл жеңіс – тек бір мектептің емес, ел болашағының білімге, инновацияға және шығармашылыққа деген ұмтылысының айқын көрінісі.
Жетекшісі мен шәкірттерін шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Загрузка...