Инклюзия іс жүзінде: тиімді тәжірибелер алмасу

Павлодар облысының білім беру жүйесінің өкілдері «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру: қызмет моделi және мамандар тәжірибесі» атты республикалық семинар-кеңеске қатысты.

Іс-шараға білім беру басқармасының маманы, сондай-ақ инклюзивті білім беру мәселелеріне жетекшілік ететін Павлодар қаласы мектептері директорларының орынбасарлары қатысты.

Пленарлық отырыс барысында «Инклюзивті білім берудің заманауи парадигмасы» әдістемелік құралының жүзеге асырылуы бойынша Павлодар облысының тәжірибесі таныстырылды. Инклюзивті мәдениетті дамыту, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды сүйемелдеу және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыс атап өтілді.

Семинар қатысушылары нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметтерінің жұмысын талқылап, сондай-ақ тиімді тәжірибелер мен өңірлік кейстермен алмасты.

Екінші күн аясында «Асыл Мирас» аутизм орталығы мен Астана қаласындағы №96 мектеп-гимназиясына бару ұйымдастырылды. Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сүйемелдеудің заманауи тәсілдері мен инклюзивті ортаны ұйымдастырудың үздік тәжірибелері ұсынылды.

Осындай іс-шараларға қатысу кәсіби диалогты дамытуға, озық тәжірибелерді енгізуге және өңірдегі инклюзивті білім беру жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий