Павлодар облысында «Ozyq Urpaq» жобасы аясында өңірлік робототехника турнирі өтті
Ағымдағы жылдың 31 наурызында, Білім беру басқармасының облыстық ақпараттық технологиялар орталығының ұйымдастыруымен, Жастар бастамаларын дамыту орталығының базасында, «Ozyq Urpaq» білім беру жобасы шеңберінде робототехника бойынша өңірлік іріктеу турнирі өтті.
Бұл жоба – Қазақстанның 11 қаласында 55 мектепті қамтып, өңірлерде STEM-білім беруді дамытудың маңызды бөлігіне айналды.
Оқушылар арасында инженерлік ойлауды дамытуға және робототехниканы ілгерілетуге бағытталған жобаға Павлодар облысының келесі білім беру ұйымдары қатысты:
• Ақсу қаласының Абай атындағы орта мектебі,
• Ақсу қаласының №7 жалпы орта білім беру мектебі,
• Павлодар қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі,
• Павлодар қаласының С. Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебі,
• Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназия.
Турнирге барлығы 15 команда, 31 оқушы қатысты. Жарыс «Роботек» және «Инвестік сызық бойымен жарыс» бойынша екі номинацияда өтті.
Турнир қорытындысы бойынша «Роботек» номинациясының жүлдегерлері:
I орын – «Steel Minds» командасы (Жанабай Нұрасыл, Мұхарам Аслан)
II орын – «Robo-tech» командасы (Штрауб Роман, Мереке Әбіл)
III орын – «RoboTor» командасы (Скрыпник Сергей, Дедовец Тимофей)
«Инверстік сызық бойымен жарыс» бойынша номинациясының жеңімпаздары:
I орын – «Abai» командасы (Сансызбай Айзере, Сыздық Ернұр)
II орын – «RoboForce» командасы (Серік Ясмина, Молдахметова Ясмина)
III орын – «RoboKids» командасы (Абиджанова Диляра, Самарканова Айлин)
Іріктеу кезеңінің жеңімпаздары, «Steel Minds» және «Abai» командалары 2026 жылғы 12–13 мамырда Астана қаласында өтетін Robotek Grand Tournament Astana халықаралық чемпионатының финалына қатысады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен «Robotek» робототехника мектебіне қолдау көрсетіп, оқушыларымызға жаңа көкжиектер ашуға мүмкіндік бергендері үшін алғыс білдіреміз!
Загрузка...

