Таныс болыңыздар: геймдев әлемінің жаңа жұлдыздары!

Павлодар облысының Dream State Studio командасымен танысыңыздар: №2 жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Серік Азамат Ерболұлы және №17 мектептің 10-сынып оқушысы Бушуев Роман Дмитрийұлы.

Бұл жас таланттар 19–20 наурыз күндері Geron бағдарламалау мектебі ұйымдастырған ауқымды геймдев хакатонында нағыз сенсация жасады.

Хакатон барысында барлық тапсырмалар кездейсоқ түрде берілді: әр командаға жанр, кейіпкер, стиль және локация рандомды түрде анықталды. Бұл қатысушылардың шығармашылық ойлауын, жылдам бейімделу қабілетін және практикалық дағдыларын сынады.

Dream State Studio командасына мынадай ерекше комбинация түсті:

  • жанр — shoot’em up
  • кейіпкер — жерасты зерттеушісі
  • стиль — стимпанк
  • локация — су басқан қала

Осындай күрделі әрі тосын элементтерді біріктіре отырып, олар небәрі 17 сағат ішінде нөлден бастап SUBMERGED атты бірегей ойын жасап, қазылар алқасын таңғалдырды.

Нәтижесінде Dream State Studio командасы 1-орынды иеленіп, 100 000 теңге көлеміндегі бас жүлдені жеңіп алды.

SUBMERGED — атмосфералық геймплей мен креативті шешімдерді үйлестірген жоба. Қысқа уақыт ішінде осындай сапалы өнім жасау — команданың жоғары дайындық деңгейі мен өз ісіне деген шынайы ынтасының айғағы.

Жас әзірлеушілер мұнымен тоқтап қалмай, отандық ойын индустриясын жаңа деңгейге көтеруді мақсат етеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий