Павлодар облысы Республикалық білім беру ұйымдары арасында «Үздік олимпиадалық команда – 2026» атағына ие болды
Алматы қаласында 2026 жылғы 27 наурыз – 01 сәуір аралығында 9-11(12) сынып оқушылары арасында география және химия пәндерінен республикалық олимпиадасы өтті. Додаға 309 оқушы қатысып бақтарын сынады.
Зияткерлік сайыс барысында қатысушылар географиялық талдау жүргізілді, табиғи және әлеуметтік-экономикалық үдерістері түсіндірілді, сондай-ақ күрделі химиялық есептерді шығарып, тәжірибелік тапсырмаларды орындады.
Павлодар облысының намысын облыстық олимпиаданың 13 оқушысы қорғады, оның ішінде 6 қола медальға ие болды.
География пәні бойынша қола медаль иегерлері: дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Урсаева Аружан (мұғалімі – Илюсизова А. А.), дарынды ер балаларға арналға «Білім-Инновация» лицей-интерантының 10-сынып оқушысы Махмет Ахмади (мұғалімі-Баракбаева Г.Т.), «Жас Дарын» лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Бастемиев Ансар (мұғалімі Баянова С.Е.), Қаныш Сатпаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының 11-сынып оқушысы Асылхан Альтаир (мұғалімі – Альдекенова А. Т.).
Химия пәні бойынша қола медаль иегерлері: дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 10,11-сынып оқушылары Лим Василий, Бектұрсын Дәрия (мұғалімі – Молокова И. Н.).
Құрмет грамотасымен химия пәні бойынша: дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының 10-сынып оқушысы Уйсумбаева Дильназ, (мұғалімі – Айдина И. Г.), дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Кабир Дания (мұғалімі – Колдашева О. В.).
Алматы қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық олимпиадада мектеп командаларының қатысу рейтингі шығарылды. Павлодар облысы оқушыларының құрама командасы 23 медаль, атап айтқанда 3 алтын, 9 күміс және 11 қола жеңіп алды. Республикалық білім беру ұйымдары арасында «Үздік олимпиадалық команда – 2026» атағына ие болды. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде облыс намысын алты пән бойынша 39 оқушы қорғады.
Загрузка...