Abilympics: шектеусіз мүмкіндіктер алаңы

Павлодар облысында WorldSkillsPavlodar – 2026 өңірлік кәсіби шеберлік байқауы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар қатысушыларға арналған Abilympics бағыты ұйымдастырылуда.

Байқаудың алғашқы кезеңі «Павлодар сервис және тамақтану колледжі» базасында өтті. Оған есту қабілеті төмен балаларға арналған мектеп-интернаттың 14–16 жастағы оқушылары қатысып, «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар «Брауни-эскимо» пирожныйын дайындап, оны глазурь және мастикамен безендіру арқылы шығармашылық қабілеттерін, талғамдарын және қол икемділіктерін айқын танытты.

Аталған байқау өңірде бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді және жыл сайын әртүрлі жастағы балаларды қамтиды. Алдағы кезеңдерде өзге де құзыреттіліктер бойынша сайыстар жалғасатын болады.

Жалпы, бес апта бойы қатысушылар түрлі салаларда кәсіби дағдыларын шыңдап, өз мүмкіндіктерін дәлелдеуге мүмкіндік алады. WorldSkillsPavlodar – 2026 – жастарға кәсіби бағдар беріп, олардың өз күшіне деген сенімін арттыратын маңызды алаң.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий