Павлодарлық оқушы әлемдік стартап сахнасына шықты
Павлодар қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектептің 11-сынып оқушысы Игорь Мартынюк халықаралық деңгейде үлкен жетістікке жетті.
Ол Орталық Азиядан шыққан алғашқы мектеп оқушысы ретінде Y Combinator ұйымдастыратын YC Startup School бағдарламасына толық грант иегері атанды.
Игорь әзірлеген TabAI стартапы – зейінді басқаруға арналған жасанды интеллект көмекшісі. Жоба халықаралық инвесторлардың назарын аударып, $35 мың инвестиция мен Google грантын иеленді.
Сондай-ақ, ол Кремний алқабындағы Cursor компаниясының ресми амбассадоры атанып, аймақтағы IT-қоғамдастықты дамытуға үлес қосуда.
Бүгінде TabAI өнімін әлем бойынша 20 мыңға жуық адам қолданады.
Бұл жетістік – қазақстандық оқушылардың жоғары әлеуетінің айқын дәлелі
Загрузка...
