Мамандықтар әлеміне алғашқы қадам!

WorldSkills Pavlodar–2026 өңірлік чемпионаты аясында Павлодар облысында ең кішкентай қатысушыларға арналған BabySkills байқаулары өтті.

«Ertis» жоғары инновациялық аграрлық колледжі базасында Кеменгер ауылының «Аяла» бөбекжай-бақшасының мектепалды тобының тәрбиеленушілері «Агрономия» және «Ветеринария» құзыреттері бойынша өз күштерін сынап көрді. 10 мектеп жасына дейінгі бала тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, белсенділік, ізденімпаздық және алғашқы кәсіби дағдыларын көрсетті.

Сонымен қатар, Жоғары түсті металлургия колледжінде 4–5 жастағы балалар токарлық іс, электромонтаж және түсті металлургия бағыттарымен танысты.

Барлық қатысушылар сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Байқауды ұйымдастыруға «Луганск» өндірістік кооперативі демеушілік көрсетті.

Ең бастысы — балалар жарқын әсер алып, жаңа білім жинақтап, болашақ мамандықты таңдауға алғашқы қадам жасады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий