Павлодар облысы — білім сапасы бойынша көшбасшылар қатарында!

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінде кезекті аппараттық кеңес өтіп, III тоқсан қорытындысы бойынша оқушылардың білім сапасы сараланды.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, ел бойынша білім деңгейі өткен оқу жылымен салыстырғанда айтарлықтай артқан.

Бұл білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың тиімділігін дәлелдейді.

Жоғары көрсеткіш көрсеткен өңірлер қатарында біздіғ Павлодар облысы да бар!

Бұл — педагогтер, мектептер және жалпы білім беру ортасының жүйелі жұмысының нәтижесі.

Павлодар облысы сапалы білім мен әрбір оқушының дамуына бағытталған жұмысты сенімді түрде жалғастырып келеді.

Бұл жетістік — күн сайын білім беру саласының дамуына үлес қосып жүрген ұстаздар, оқушылар және ата-аналардың ортақ еңбегінің жемісі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий