AIU студенттерге арналған қаржылық сауаттылық бойынша «Пайдалы және пайдасыз несиелер: қаржылық тұзаққа қалай түспеу керек?» атты шеберлік сағатын өткізді

2026 жылдың 30 наурызында AIU университетінде «Пайдалы және пайдасыз несиелер: қаржылық тұзаққа қалай түспеу керек?» тақырыбында танымдық шебероік сағаты өтті. Экономика жоғары мектебінің оқытушылары ұйымдастырған іс-шараға қаржылық сауаттылығын арттырғысы келетін 900-ге жуық студент қатысты.

Мастер-класс университеттің студенттер арасында қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі бастамалары және БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын: ТДМ 1 – Кедейшілікті жою және ТДМ 8 – Лайықты жұмыс және экономикалық өсуді қолдау аясында өткізілді. Университет экономикалық ортада бағдар таба алатын және тұрақты болашақ құра алатын мамандарды даярлау бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

Іс-шара барысында оқытушылар, сарапшылар несиенің әл-ауқатқа ықпал ететінін, сондай-ақ күрделі қаржылық проблемалардың себебі бола алатынын түсіндіріп, несие берудің негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі қарастырды. «Пайдалы» және «пайдасыз» несиелер арасындағы айырмашылықтар туралы маңызды мәселелер талқыланды.

Мастер-класс соңында студенттермен алған білімдерін бекіту үшін және әртүрлі өмірлік жағдайларда пайдалы және пайдасыз несиелерді ажырата білу қабілеттерін тексеруге мүмкіндік беретін блиц-сауалнама форматында интерактивті ойын өтті. Қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, тақырыпқа жоғары қызығушылық танытты.

Іс-шара жас ұрпақ арасында жауапты қаржылық мінез-құлықты қалыптастыру жолында маңызды қадам болды, ол қаржылық тұрақтылық пен әл-ауқатты қамтамасыз ету үшін несие беруге мұқият қараудың маңыздылығын атап көрсетті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий