“Заман. Талап. Тренд” облыстық жобасы
Павлодар облысында “Заман. Талап. Тренд” облыстық жобасы аясында “Үздік педагог-2025” байқауының жеңімпазы, Ақсу қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясының мұғалімі Ақмарал Еркенқызы Есенгожинамен кездесу ұйымдастырды. Еңбек жолын Май ауданында бастаған жерлесіміз педагогтермен тәжірибе алмасып, «Кәсіби жетістікке жол: тәжірибе, ізденіс және жеңіс» тақырыбында әсерлі мотивациялық сессия өткізді.
Кездесу барысында заманауи әрі тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылды, кәсіби дамуға бағытталған құнды ойлар ортаға салынды. Сонымен қатар, қатысушылар ББЖМ, ҰБТ және қорытынды емтихандарға дайындықтың тиімді жолдарын талқылады. Ауданымыздың тәжірибелі ұстаздары оқу дағдысын дамытуға арналған лайфхактармен бөлісті , функционалдық сауаттылықты арттырудың амалдарын қарастырды. Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында тілдік төрт дағдыны жетілдірудің озық тәжірибелерін ұсынды.
Бұл кездесу – ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдап, білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Осындай мазмұнды басқосулар білім беру саласының дамуына серпін беретіні сөзсіз!
Загрузка...
