«Жасанды интеллект арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру»
Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – уақыт талабы ғана емес, білім сапасының басты өлшемдерінің бірі.
Осы орайда Павлодар облысы, Май ауданының Қаратерек мектебінде «Жасанды интеллект арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында аудандық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Шара барысында педагогтер білім беру үдерісінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тиімді қолдану жолдарын талқылап, оқушылардың сыни ойлауын дамыту, ақпаратты саралау және алған білімін өмірлік жағдайларда қолдану дағдыларын жетілдіру бағытында тәжірибе алмасты.
Семинар аясында өткізілген ашық сабақтар мен шеберлік сағаттары ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдап, жаңа идеялар мен заманауи әдіс-тәсілдердің кеңінен таралуына мүмкіндік берді.
Осындай мазмұнды басқосулар білім беру сапасын арттырып қана қоймай, педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, болашаққа бағытталған заманауи білім кеңістігін қалыптастыруға жол ашады.
Загрузка...
