Павлодар облысының оқушылары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасына қатысты

Таза ауыл – ортақ іс» — бұл жай ғана ұран емес, бұл – жас буынның нақты әрекеті!

Баянауыл ауданы оқушылары қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында 3 сәуір күні ауданның білім беру ұйымдарынан 1000-ға жуық оқушы сенбілікке белсене қатысты.

Акция барысында оқушылар мектеп ауласын тазалап, қоқыстарды жинап, айналаны ретке келтірді. Әрбір жиналған қоқыс, әрбір тазаланған аула — олардың туған жерге деген қамқорлығының белгісі.

Бұл күні Баянауыл оқушылары тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, табиғатқа деген жанашырлықтың нағыз үлгісін көрсетті. Олар қоршаған ортаны қорғаудың маңызын сөзбен емес, іспен дәлелдеді.

Осындай игі бастамалар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырады.

Табиғатты аялау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий