Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр

Астанада Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында білім беру ұйымдарында бірыңғай форматта тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Соның бірі Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен елорданың №101 жалпы орта білім беретін мектебінде жалғасты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама жас ұрпақтың денсаулығына деген жауапкершілігін арттырып қана қоймай, олардың экологиялық мәдениетін дамытуға және қоғамда тазалық құндылықтарын кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.

Бірыңғай флешмоб барысында оқушылар тазалық пен салауатты өмір салтын дәріптейтін түрлі спорттық би қойылымдарын қойып, ұжымдық әрекеттер ұйымдастырды.

Айта кетейік, мұндай іс-шара жас ұрпақты дені сау, саналы және қоршаған ортаға жанашыр азамат ретінде тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі. 

«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасының бөлігі. Оның мақсаты – қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа ұқыпты қарау идеясын кеңінен насихаттау. «Таза Қазақстан» бастамасы қоршаған ортаның тазалығына және елдің экологиялық болашағына үлес қосқысы келетіндердің барлығын біріктіреді.

– Осыдан бір жыл бұрын бәріміз бір ел болып «Таза Қазақстан» жобасын бастадық. Мен, ең алдымен, осы жалпыұлттық бастамаға алғашқы күннен бастап белсене қатысып жатқан әр азаматқа шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Әсіресе, солардың қатарында өздеріңіз сияқты жалынды әрі дарынды жастарымыз өте көп. Сіздер еліміздің әр аймағында еңбек етіп, қоғамдық жұмысқа атсалысып жүрсіздер. Бұл – үлгі боларлық іс. Мен Мемлекет басшысы ретінде сіздерді әрдайым қолдаймын! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы тазалықтың мәні мен мағынасы жайындағы пікірімен бөлісіп, ойдың да, бойдың да, қоршаған ортаның да тазалығын сақтау әр адамның ішкі мәдениетінің көрсеткіші деп баға берді. Сондықтан тазалық халқымыздың болмысына сіңген қасиет болуы қажет екенін үнемі айтып келе жатқанын еске салды.

– Тазалық әр адамнан, әр үйден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан», бұл – бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз. «Жас келсе – іске» деп халқымыз бекер айтпаған. Баршаңызды табиғатты қорғау идеясы біріктіріп отыр. Сіздер бәріңіз бірге істеп жатқан жұмыстың арқасында бұл игі бастама осындай үлкен қозғалысқа айналды. Ортақ іске күш жұмылдыру дегеніміз – осы, – деді Президент.

#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий