Павлодар облысы мектептерінде бірыңғай сынып сағаты өтті

Бүгін Павлодар облысының барлық білім беру ұйымдарында 11-сынып оқушыларына арналған «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында бірыңғай республикалық сынып сағаты өтті.

Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталды. Облыс бойынша 5 мыңнан астам 11-сынып оқушысы қатысып, өздерінің құқықтық білімдерін толықтырып, маңызды тақырыптар аясында мағлұмат алды.

Сынып сағаттары барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы аясындағы негізгі өзгерістер мен басым бағыттар түсіндірілді. Сонымен қатар, білімнің ел дамуының басты құндылығы екені атап өтіліп, оқушылардың құқықтары мен міндеттері, заңға құрмет пен жауапкершілік мәселелері кеңінен қарастырылды.

Бұл тәрбие сағаты оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, «Адал азамат» құндылықтарын бойына сіңіруге  ықпал етті.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий