Павлодар қаласының 50-ге жуық мектеп оқушыларына кәсіби бағдар көрмесі ұсынылды
Павлодар қаласының 50-ге жуық жалпы білім беру және мамандандырылған мектептерінің мектеп бітіруші оқушылары Торайғыров университетінің базасында өткен жоғары білім беру көрмесіне қатысты. Бұл шара «Торайғыров университеті» базасында ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға мамандық таңдауда және ҰБТ-ға дайындықта жан-жақты қолдау көрсетіліп, білім беру саласындағы заманауи мүмкіндіктер таныстырылды. Талапкерлер кәсіби бағдар берушілерден кеңес алып, түрлі жоғары оқу орындарымен, соның ішінде Қазақстандағы шетелдік филиалдарымен Study in KZ бағдарламасы аясында танысу мүмкіндігіне ие болды.
Көрме оқушыларға өз болашағын жоспарлауға бағытталған маңызды қадам болып, олардың кәсіби таңдау жасау процесін жеңілдетті.
Загрузка...

