Интерактивті педагогикалық алаң

Павлодар облысы, Май ауданының білім беру бөлімі Көктөбе жалпы орта білім беру мектебінде білім сапасын арттыруға бағытталған интерактивті педагогикалық алаң ұйымдастырды.

Бұл алаң – жай ғана кездесу емес, тәжірибе мен идея тоғысқан маңызды кәсіби диалог алаңы болды. Іс-шараның басты мақсаты – ҰБТ-ның аралық нәтижелерін саралау, білім алушылардың оқу жетістіктерін арттырудың тиімді жолдарын педагогтермен бірлесе талқылау және кәсіби өзара іс-қимылды нығайту.

«Педагогикалық навигация» секциясы аясында мектеп директорлары мен ұстаздар өз тәжірибелерін ұсынып, ҰБТ-ға дайындықтың озық стратегияларын, ББЖМ нәтижелерін талдау тетіктерін, PISA форматындағы тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту жолдарын ортаға салды. Сонымен қатар, әр пән бойынша оқытудың заманауи әдіс-тәсілдері мен тиімді лайфхактар ұсынылды.

Пікір алмасу алаңы барысында қатысушылар нақты ұсыныстарын білдіріп қана қоймай, күнделікті тәжірибеде нәтиже беріп жүрген әдістерімен бөлісті. Бұл – әр педагог үшін жаңа серпін мен шабыт сыйлаған мазмұнды кездесу болды.

Аталған іс-шара білім сапасын арттыруға бағытталған нақты қадамдарды айқындап, педагогтердің кәсіби дамуына тың серпін берді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий