Павлодар студенті – халықаралық аренада жүлделі орын иегері
Алматы қаласында 2026 жылғы 7–10 сәуір аралығында «TAIQAZAN–2026» II Халықаралық кәсіби шеберлік фестивалі өтті. Аталған байқауды Алматы облыстық сервис және тамақтану саласындағы инновациялық технологиялар колледжі ұйымдастырды.
Фестивальге Қазақстанның әр өңірінен және шетелден келген қатысушылар арасында Павлодар сервис және тамақтану колледжінің студенті Мейрамов Нұрхан жоғары нәтиже көрсетті.
ПК 1-47 тобының студенті «TQ-2 – Ет тағамдары» номинациясы бойынша бақ сынап, II жүлделі орынға ие болды.
Жас маманды байқауға өндірістік оқыту шебері Арынова Ақмарал Қадырқызы дайындады.
Фестивальдің ашылу салтанатына сала мамандары мен халықаралық сарапшылар қатысты.
Павлодарлық студенттің бұл жетістігі – өңірдегі техникалық және кәсіптік білім берудің сапасын айқын көрсетеді.
Жеңімпазды және оның жетекшісін құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа белестерді бағындыруына тілектеспіз!
Загрузка...

