Павлодарда «BI BILE» фестивалі өтті
10 сәуір күні М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Mega Dance – 2026» ауқымды жобасы аясында облыстық «BI BILE» би фестиваль-байқауы өтті.
Фестиваль өңірдің түкпір-түкпірінен келген талантты би ұжымдарын біріктірді. Сахнада нағыз хореографиялық шоу ұйымдастырылып, қатысушылар халықтық, эстрадалық, заманауи және балалар биі бағыттарында өнер көрсетті.
Әрбір қойылым өзіндік ерекшелігімен, әртістік шеберлігімен және жоғары деңгейдегі дайындықпен ерекшеленді.
Байқаудың басты мақсаты – балалар мен жастар арасында хореографиялық өнерді дамыту және насихаттау, дарынды орындаушыларды қолдау, сондай-ақ шығармашылық тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Қатысушылардың өнерін кәсіби хореографтар мен мәдениет саласының өкілдерінен құралған қазылар алқасы бағалады.
Нәтижесінде үздік ұжымдар дипломдармен және сертификаттармен марапатталды.
Облыстық «BI BILE» фестиваль-байқауының Бас жүлдесі М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясына бұйырды.
Байқау қорытындысы мен жеңімпаздар тізімі М. М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының ресми сайтында жарияланады.
«BI BILE» фестивалі би өнерінің, шабыт пен шығармашылықтың нағыз мерекесіне айналып, қатысушылар мен көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.
Загрузка...

