Павлодарда білім беру жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды

Бүгін Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликованың төрағалығымен қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ өңірдегі білім беру ұйымдарының қатысуымен облыстық білім беру басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі басты мәселе — балалардың болашағы мен өңірдің дамуына тікелей әсер ететін білім сапасы.

Бүгінде облыстың орта білім беру жүйесінде 13 440 педагог еңбек етеді, олардың 70%-ы біліктілік санаттарына ие. Биыл 4 723 педагог аттестаттаудан өтуде. Бұл — кадрлық әлеуетті нығайту мен мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі.

Алқа отырысында білім сапасы, дарынды оқушыларды даярлау, оқушылардың олимпиадаларға қатысуы қорытындыланып, сондай-ақ басқарушылық тиімділік пен мектептерге әдістемелік қолдау көрсету мәселелері қаралды. Республикалық және халықаралық олимпиадалар қорытындысы бойынша өңір оқушылары 166 медаль жеңіп алып, облыс жаратылыстану-математикалық бағытта «Ең үздік олимпиадалық команда – 2026» атағын тағы да растады.

Жетістіктермен қатар бірқатар өзекті мәселелер де көтерілді. Атап айтқанда, жекелеген пәндер бойынша кадр тапшылығы, талдамалық жұмысты күшейту қажеттілігі, нәтижесі төмен мектептерді қолдау, сондай-ақ оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен цифрлық құзыреттерін дамыту мәселелері талқыланды.

Бүгінгі таңда қол жеткізілген нәтижелерді сақтап қана қоймай, оқушы, мұғалім және білім сапасы басты назарда болатын тұрақты әрі тиімді білім беру жүйесін қалыптастыру маңызды. Алқа қорытындысы бойынша өңірдің білім беру саласын одан әрі дамытуға бағытталған нақты міндеттер айқындалды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий