Павлодарлық оқушылар – республикалық олимпиадада топ жарды

2026 жылғы 9–13 сәуір аралығында Шымкент қаласында 9–11 сынып оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі және құқық негіздері пәндері бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Дарынды балаларды анықтап, олардың ғылыми әлеуетін дамытуға бағытталған зияткерлік сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 272 оқушы қатысты. Қатысушылар күрделі тапсырмалар арқылы әдеби талдау, сыни ойлау, шығармашылық және коммуникациялық қабілеттерін көрсетіп, құқықтық білімдерін тәжірибеде қолдана білді.

Павлодар облысының намысын қорғаған 12 оқушы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 9 медаль иеленді: 3 алтын, 4 күміс және 2 қола.

Алтын медаль және І дәрежелі диплом иегерлері:
– «Жас дарын» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Ахмедиева Адия (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, мұғалімі Г.С. Жанғазы);
– Павлодар қаласы А. Шамкенов атындағы лицей-мектебінің 10 сынып оқушысы Татару Елизавета (орыс тілі мен әдебиеті, мұғалімі А.А. Морец);
– Дарынды балаларға арналған №3 гимназияның 10 сынып оқушысы Басепова Жанель (құқық негіздері, мұғалімі Е.Г. Таран).

Күміс медаль және ІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– №3 гимназияның 9 сынып оқушысы Қайролла Ақлима (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, мұғалімі Б.Т. Шукоева);
– Ш. Шокин атындағы гимназия-мектебінің 11 сынып оқушысы Шрейдер Арина (орыс тілі мен әдебиеті, мұғалімі М.В. Димитрюк);
– №29 орта мектептің 11 сынып оқушысы Казкенов Ильяс (құқық негіздері, мұғалімі Б.Д. Сапанов);
– «Жас дарын» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Аубакирова Камила (құқық негіздері, мұғалімі З.Н. Исабаева).

Қола медаль және ІІІ дәрежелі диплом иегерлері:
– «Жас дарын» мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Қабыкен Ботагөз (қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, мұғалімі А.Б. Куставлетова);
– №3 гимназияның 9 сынып оқушысы Манкевич Мишель (орыс тілі мен әдебиеті, мұғалімі И.Ф. Назарова).

Павлодарлық оқушылардың бұл жетістігі – өңірдегі білім сапасының жоғары деңгейін және дарынды жастарды жүйелі қолдаудың нақты нәтижесін көрсетеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий