Павлодар облысында кәсіби бағыттың жаңа белесі — WorldSkillsPavlodar-2026

14 сәуір күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының базасында өңірдегі ең ауқымды кәсіби шаралардың бірі — WorldSkillsPavlodar-2026 өңірлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.

Биылғы чемпионатқа 39 колледжден 353 студент қатысып, 70 құзыреттілік бойынша өз шеберліктерін сынауда. Ақпараттық технологиялар мен инженериядан бастап, қызмет көрсету және креативті индустрияларға дейінгі бағыттарды қамтыған байқау — жұмысшы мамандықтарының маңызын айқындайтын бірегей алаң.

Айта кету керек, өткен жылы 275 студент 55 құзыреттілік бойынша бақ сынаған еді. Демек, қызығушылық та, ауқым да жыл сайын артып келеді.

Сонымен қатар, «Мамандықтар әлемі» фестивалі ұйымдастырылып, Павлодар қаласының 22 колледжі өз білім беру бағдарламаларын таныстырды. Ашық алаңда өткен көрме барысында оқушылар мен қонақтар түрлі мамандықтармен танысып қана қоймай, өз қабілеттерін сынап көруге мүмкіндік алды.

WorldSkills — бұл тек жарыс емес. Бұл — білікті, заманауи талаптарға сай мамандарды қалыптастыратын, жастарға бағыт-бағдар беретін үлкен алаң.

WorldSkillsPavlodar-2026 — шеберлік пен мүмкіндік тоғысқан, болашаққа бастар сенімді қадам!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий